15-Апрель, 2014
Білім беру ісінің көшбасшысы
Еліміз тәуелсіздігінің нығая түсуінің бір көрінісі, оның ертеңгі болашағына нық сеніммен қарауымыздың кепілі іспетті, көрген жанның көзі де, көңілі де тоятын ауқымды істер, жастарға білім беру ісіндегі күрт ілгерілеу, ғылым саласында алдыңғы қатарлардан көріну – соңғы жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өміріне тән сипаттар. Толығырақ »
Шетелдіктер арасында достық шарасы өттті
2014 жылдың 30 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті тыңдаушылары №14 жатақханада Наурыз мерекесінің құрметіне Әлем халықтарының ұлттық тағамдар мерекесін өткізді. Биыл бұл факультетте АҚШ, Жапония, Иордания, Қытай, Испания, Корея, Ауғанстан, Австрия, Түркия сынды елдерден келген 200- ге тарта тыңдаушы қазақ, орыс тілдерін оқып жатыр. Олар бір жыл бойы қазақ елінде тұрып ұлтымыздың тілін үйренумен қатар, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен танысады. Шетелдік тыңдаушылардың ұлттық тағамдар мерекесі «Әлем халықтарының ұлттық тағамдарының халықаралық фестивалі» деп аталды. Ұлттық тағамдар байқауын наурыз айында өткізу факультетте он шақты жылдан бері дәстүрге айналып келеді. Бұл күні студенттер ерте тұрып мереке басталған уақытқа дейін әр ұлт өкілі өздерінің дәстүрлі тағамдарын дайындаулары тиіс. Толығырақ »