Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Мар   Май »
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  

11-Апрель, 2014

Махаббат мұнарасын тұрғызған жазушы жайындағы кеш

  НұршайықовӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  заң факультетінде «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» аясында  майдангер жазушы  Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат , қызық мол жылдар» атты романын талқылауға арналған  кеш болып өтті.Кешке жазушының немерелері Әлия мен Дина қатысып,сүйікті аталары туралы қызықты естеліктерімен бөлісті.

 Жазушының үлкен немересі Дина жер бетінде ел басына күн туып,қатер төнген кезде қолына қару алып,елі мен жерін жаудан қорғаған,ел берекесі кіріп,бейбіт заманға аяқ басқанда,қара қаруын қарымды қаламға айырбастап,еңбек пен ерлікті,махаббат пен достықты жырлаған бірден бір жан бұл- біздің атамыз,-деп мақтаныш сезіммен сөз алды. Толығырақ »

М.Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы

Анар суретМеханика-математика  факультетіндегі  Информатика кафедрасының 2- курс студенттерімен “Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры” атанған жиырмасыншы жүз жылдықтағы ұлттық  поэзиямыздың ірі тұлғаларының бірі, әр жүрекке жол тапқан әсерлі өлеңдері оқырман сүйіспеншілігіне бөленіп келе жатқан Мұқағали ақынның   “Жыр-аңыз” атты ашық сабақ өтті. Бұл сабақтың ашылуы мемлекеттік тіл кафедрасының доценті Аширова Анар Тишибайқызының құттықтау сөздерімен басталды. Толығырақ »

Танымал ғалымның тағылымды дәрісі

435220_1236903378__________________________

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тіпдері факультетінің мемлекеттік тіл  кафедрасында сәуір айының  3-і күні «Сөз мәдениетінің  ортологиялық негіздері» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті. Семинарда А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан арнайы шақырылған танымал ғалым, профессор Нұргелді Уәли дәріс оқыды.

Дәріс барысында сөз мәдениетінің осы кезге дейін негізінен тілдік құрылымдық жүйеде зерттелсе, ендігі жерде антропоцентристік бағытты бағдарға алуы жан-жақты сөз болды. Сөздің коммуникативтік сапасына баға беру тілдік норма жағынан қарастырылмай,  тілдік және тілдік емес мәнділіктерді тек нормативті аспектіде зерттеу және функционалдық, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени аспектіде қарау, тілдік тұлғаны сөз мәдениеті пәнінің түпқазық ұғымы ретінде алу, сөз мәдениеті осыған дейін сөйлеу позициясы тұрғысынан қарастырылса, ендігі тұста тыңдаушы  тұрғысынан қарау коммуникативтік аспектідегі жаңалық ек Толығырақ »

Ұлы Жібек Жолының экономикалық дамуына үн қосқан шәкірттер

Туркия студенттер ӨмірбековаУниверситетіміз академиялық мобильдік жүйе бойынша  студенттерін шетелге жіберуде. Оған дәлел: Филология, әдебиеттану және әлем тілдері мен Шығыстану факультетінің  студенттері «Мевлана» бағдарламасымен Анкара қаласының Гази университетінде тәжірибе алмасып, білім алуда. Түркі қандастарымыз студенттерді құшақ жайып, жылы қарсы алыпты. Молдажанов Ербол, Сансызбай Балжан, Абдуллаева Дәметкен, Талап Шерхан сынды студенттер барған күннен-ақ ерекше белсенділіктерімен көзге түсе бастапты. 12-13 наурыз аралығында Hacettepr университетінің ұйымдастыруымен «Жібек жолының бойында орналасқан Түркі халықтарының экономикалық іс бірлігі» атты конференция өтті. Конференция мақсаты: болашақта күш біріктіре отырып, ары қарай экономикалық дамудың жолын іздеу, дағдарысқа жол бермеу. Толығырақ »

Аударматану ғылымында өзіндік орны бар оқу құралы

Жұмаділова---мұқабасыАударма жұмысы – бүгінгі таңда мақсат-мүддесі, тіршілік-әрекеті бір адамзат қоғамындағы аса маңызды, шартты құбылыс.  Аударма – ұшан-теңіз өмір өмір ағысының барлығын ұштастыруға себепші болып отырған елеулі күштердің бірі. Сондықтан аударма қарқындап дамыған қазіргі кезеңде аударма теориясы мен тәжірбиесіне арналған қазақша оқулықтар мен оқу құралдарының жазыла бастауы заңды құбылыс. Жақында «Қазақ университеті» баспасынана доцент Е.К.Кәрібозов, М.Н.Жұмаділованың «Мәдениетаралық коммуникация және аударма мәселелері» деп аталатын оқу құралы жарық көрді. Оқу құралы аударма ісі мамандығының студенттері мен магистранттарына арналған. Оқу құралы үш негізгі бөлімнен тұрады. Аударматану  ғылымы арқылы өзге шетел халықтарының тілін, мәдениеті мен ғылымын игерудегі мәдениетаралық коммуникацияның рөлін жан-жақты талдаған, сапалы және құнды еңбек деп айтуымызға болады. Толығырақ »