15-Март, 2014
Мұхтар Әуезов. «ЕВГЕНИЙ ОНЕГИННІҢ» ҚАЗАҚШАСЫ ТУРАЛЫ
Поэзияның ірі шығармаларын бір тілден екінші тілге аудару өте қиын екені көпке мәлім. Ал біздің бүгінгі тәжірибені алсақ, ұлт әдебиеті үлгілерін орыс тіліне аудару жөнінде көп ақындардың сол аударып отырған шығармасының тілін білмейтіндігі тағы бар. Бұларға жәрдем етеді дерлік подстрочник атаулыны алсақ, оның өзі — асыл нұсқаның нағыз соры. Подстрочниктің (сөзбе сөз аударманың) көбі сөз емес, құр көбік немесе әлдеқандай бір тіл қоқсығы боп шығады. Онда аударылатын поэзияның өзіне біткен нәзік ырғағы, өзгеде жоқ жаңалық ерекшелігі дәл түсуі былай тұрсын, тіпті ақынның қысып, қамти айтқан ой-сезімінің системасы да және көрік-стиль құрлысының ішкі логикасы да дұрыс берілмейді. Толығырақ »
