Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Май    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  

Сәулең болса кеудеңде

Сәулең болса кеудеңде,

Мына сөзге көңлің бөл.

Егер сәулең болмаса,

Мейлің тіріл, мейлің өл.

Танымассың, көрмессің,

Қаптаған соң көзді шел.

Имамсыздық намазда –

Қызылбастың[1] салған жол.

Көп шуылдақ не табар,

Билемесе бір кемел?

 

Берекелі болса ел –

Жағасы жайлау ол бір көл.

Жапырағы жайқалып,

Бұлғақтайды соқса жел.

Жан-жағынан күркіреп,

Құйып жатса аққан сел,

Оның малы өзгеден

Өзгеше боп өсер тел.

Берекесі кеткен ел –

Суы ашыған батпақ көл.

Құс қаңқылдап, жағалап,

Сулай алмас жазғы төл.

Оның суын ішкен мал

Тышқақ тиіп, аспас бел.

Көл деп оны кім жайлар,

Суы құрсын, ол — бір шөл,

Единица[2] — жақсысы,

Ерген елі бейне нөл.

Единица нөлсіз-ақ

Өз басындық болар сол.

Единица кеткенде,

Не болады өңкей нөл?

Берекеңді қашырма,

Ел тыныш болса, жақсы сол.

Рас сөзге таласып,

Ақжем болма, жаным, кел!

 



[1] Қызылбас – парсы жұртының аты

[2] Единица (орысша) – жалғыз, дара, біреу деген сөз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники