АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
Абай ғылыми-зерттеу институты
- Абай институтының үш тілді вебсайты (қазақ, орыс, ағылшын) ашылды
 - «Абай институтының хабаршысы» журналы ашылды
 - Абайдың шығармалары вебсайтқа орналастырылды, «Хабаршыда» жарияланды:
 
-өлеңдері
-поэмалары
-қарасөздері
-аудармалары
-даналық сөздері
- Абайдың шығармашылығы туралы таңдамалы еңбектер вебсайтқа орналастырылды, «Хабаршыда» жарияланды
 - Абай туралы көзкөргендердің естеліктері вебсайтқа орналастырылды, «Хабаршыда» жарияланды
 - Абай туралы еңбектердің әліпби жүйесіндегі библиографиялық көрсеткіші айындалды
 - Абайтанушылар энциклопедиясы дайындалды
 - Абай институтының Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнелекциялары дайындалды және вебсайтта жарияланды
 - Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың нәтижелері вебсайтта, «Хабаршыда» жариялана бастады
 - зерттеу нәтижелерінің виртуалды көрмесі жасақталды
 - зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми көнференциялар өткізілді, радио-конференциялар жүргізілді
 - Абай институтының жұмыстары бойынша фототоптамалар жасалып, вебсайтта жарияланды
 - институттың вебсайтында «Менің университетім» рубрикасымен университет туралы, университеттің ғұлама-ұстаздары туралы эсселер сериясы жариялана бастады
 - университеттің ғылыми-зерттеу, білім беру, тәрбие беру салалары бойынша жарқын жаңалықтары жариялана бастады
 - университеттің жақсы адамдарының жақсылығы насихаттала бастады
 - «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдығын «Қазақ іниверситеті» баспасынан шығару жұмысы жолға қойылып, оның отыз алты томы жарық көрді
 - «Абай институтының еңбектері» көптомдық басылымының ғылыми-ақпараттық негізі жасалды
 - Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу жұмыстарын үзбей жалғастыруға жағдай жасалды (диплом жұмысы, магистерлік диссертация, докторлық диссертация, монография, оқу құралы, мақала т.б.)
 - Абай институтының семинары жұмыс жасай бастады
 - «Қазақстан – 2050» стратегиясына сәйкес абайтану ғылымы саласында тарихи қалыптасқан ғылыми мектептер мен ғалымдардың барлық буындарының жетістіктеріне негізделген арнайы ғылыми ресурстар қорының негізі жасалды
 - Абайдың таңдамалы шығармаларының екі томдығы баспаға дайындалды