Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Абайтану бойынша таңдамалы еңбектердің ХІ-ХІІ томы жарық көрді

 

abaitanu-12-1Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты абайтану бойынша зерттеулерді жүйелеп, жарыққа шығару жұмысын жалғастыруда. Жуырда абайтану бойынша көп  томдық  басылымдардың ХІ-ХІІ томы жарық көрді.

«Абайтану.  Таңдамалы  еңбектер»  басылымының  он  бірінші томында  Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы XX ғасырда жазылған бір топ еңбектер берілді. Әр жылдарда жазылған және абайтану саласындағы іргелі мәселелерді пайымдауға арналған  ойлар мен толғаныстардың абайтану ғылымының тарихында лайықты орны бар.

«Абайтану.  Таңдамалы  еңбектер» көп томдық  басылымның он  екінші томына М. Әуезовтің  Абайдың  өмірбаяны  туралы  еңбегінің  екінші,  үшінші  нұсқалары  және  абайтану  мәселелері  бойынша  әр  жылдарда  жазған  мақалалары берілген. Еңбектер 3979/ГФ4 – «Абай Құнанбаевтың  шығармашылық  мұрасын  пәнаралық  зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.

Томдардың жалпы редакциясын басқарған филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Дәдебаев. Құрастырып, түсініктерін жазған филология ғылымдарының кандидаттары Л.Ж. Мұсалы, Д. Қарағойшиева. Баспаға дайындаған жас зерттеушілер Б. Баязитов,  Г. Ысқақова.

Томдарға енген еңбектердің  білім  алушы жастарға,  жас мамандарға,  сондай-ақ зерттеушілерге, ақыл-ой қазынасын байыту жолындағы көпшілікке берері мол деген сенімдеміз.

Е. Карбозов, Л.Ж. Мұсалы, ҚазҰУ доценттері

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники