3-Июнь, 2014
«Дарабозда» дара тұрған ұстаз
Көккөзова Мария Балмұқанқызы – өзінің ұстаздық ұлағатын, білімі мен біліктілігін келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге арнаған парасатты ұстаз. Апайдың әрбір сабағы қызықты ақпарат пен тәлім толы болып, алдында отырған шәкіртінің пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, білім алушының шығармашылық қабілетін дамытуға негізделеді. «Жаман мұғалім айтады, орташа ұстаз баяндайды, жақсы ұстаз түсіндіреді, ұлы ұстаз шәкіртін шабыттандырады», – деген ұлы ұстаздың қанатты сөзінің соңғы сөйлемі – үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты, жас ұстаздарға тәлімгер, аяулы жар, асыл ана, жаны қиналған жанға қолын ұшын беруге әрқашан даяр осы біздің асыл апайға арналып айтылғандай. Атына заты сай Мария апай өзінің ұстаз деген киелі атқа лайық ішкі дүниесін сыртқы келбетімен үйлестіріп ұстайтын әзиз жан. Дәрісханада біліктілігі жоғары, шебер ұстаз студенттерді өзінің ұстаздық қана емес, аналық мейірімімен баурап алса, байсалды, өнегелі ұстаз еңбек ұжымында үлкен-кішіге өзінің ұлағатты ісімен қадірлі. Толығырақ »