19-Май, 2014
МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ – 2014
Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми конференциясы
“МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ» тақырыбындағы студент жастардың электронды ғылыми конференциясы тұрақты түрде өтетін болады. Конференцияның мақсаты — студент жастардың мәдениетаралық коммуникация ғылымы шеңберіндегі ізденістерін қолдау.
Конференция төрағасы:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аударма теориясы және
әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы,
профессор ТАРАҚОВ Әнуар Сауатұлы
Конференция хатшысы:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аударма теориясы және
әдіснамасы кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және
халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты,
доцент МҰСАЛЫ Ләйла Жұматайқызы
Алпысбаева Э. ЦВЕТОВАЯ СИМВОЛИКА В ПОЭЗИИ С.ЕСЕНИНА И ПЕРЕДАЧА В ПЕРЕВОДЕ НА АНГЛИЙСКИЙ ЯЗЫК.
Дегенбаева А.Е. ФРАНЦУЗ ТІЛІНЕН ЕНГЕН КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ
Иген Г. Г.БЕЛЬГЕР ИДИОМАЛАР АУДАРМАСЫ ЖӨНІНДЕ
Кемпирбаева C. АҒЛЫШЫН ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ФУНКЦИЯСЫ.
Чжан Ли. ОСОБЕННОСТИ ПЕРЕВОДА РАССКАЗА А.П.ЧЕХОВА “ДАМА С СОБАЧКОЙ” НА КИТАЙСКИЙ ЯЗЫК
Кажахметова М. «МЕТАФОРЫ В ПОЭТИЧЕСКОЙ СИСТЕМЕ ЭЛИОТА И ИХ ПЕРЕДАЧА В ПЕРЕВОДЕ НА РУССКИЙ ЯЗЫК»
Джаркынбаева С. ИНТЕРПРЕТАЦИЯ АВТОРСКОЙ МЕТАФОРЫ ПРОЗЫ ДЖОНА ГОЛСУОРСИ В ПЕРЕВОДЕ НА РУССКИЙ ЯЗЫК
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ филологиясы кафедрасының профессоры
„Ұстаздық еткен жалықпас үйретуге балаға”, — деп ұлы Абай бұдан екі ғасырдай бұрын айтқан екен. Ұстаздық туралы бүгін де аз айтылып жүрген жоқ. Бірақ ұстаздық туралы Абай негіздеген ұғымның тереңіне бойлаған, ұстаздық еңбегін Абай ұстанымына лайықты деңгейде атқарып жүрген жандардың шоғыры көп емес. Балаға үйрететін білімнің мазмұнын анықтай алмай, балаға оқытатын оқулықты түзей алмай жүрген жағдайда ұстаздық етіп жүрген жандарға Абайдың ұстанымына сай талап қою артық болуы мүмкін. Соған қарамастан, мына жағдайды есте ұстау шарт: мұндай талапты ұстаздық етіп жүрген жан өзіне өзі қоюы шарт. Ұстаздық еткен жанның балаға үйретуге жалықпауы Абайдың, қоғамның талабы болып қалмай, ұстаздық етуші әр адамның өзінің өзіне қоятын талабына, өзінің өмірлік ұстанымына, тұлғалық тұрғысына, кісілік болмысына айналуы қажет. Олай болмаған жағдайда ұстаздықтан қасиет кетеді, ұстаздық істен қасиет кететін болса, адам баласы надан болып өседі, жұрттың бәрі аларман болады, ар ойламай, пайда ойлайды, құлқынның құлы болады. Бұдан сақтану керек. Сақтанғанда, алдымен, бүгінде көз алдымызда балаға үйретуден жалықпай ұстаздық етіп жүрген ұстаздардың жақсылығын айтуымыз парыз. Толығырақ »
Ұстаз болу-жүректің батырлығы
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.-
Абай.
«Ұстаз болу-жүректің батырлығы»-дейді дана халқымыз. Солай, сол қиындықтардын тайсалмай өтіп, табаны күректей 52 жыл ұрпақ тәрбиесі жағында еселі еңбек ету қиынның қиыны болса, бұған төзген батырдың батыры емей немене?!
Ұлы ұстаз-өзі біртұтас әлем. Сондай ұлы ұстазымыздың бірі осы қасиетті қара шаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушыларды білім нәрімен сусындатып жүрген ұстазымыз, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор-Төреғали Қаратайұлы Қаратаев ағамызды ерекше айтып кетуге болады. Ол ағамыз әркез ізденісін тоқтатқан емес. Ерекше дара тұлға. Кеудедегі алтын сандықтың ақтарылған алтын сөздің сан шәкірттің жүрегінен орын тауып, сабақ алған шәкірттердің келесі күнге асығып жүргенін көргенбіз. Үлкен жауапкершілік пен төзімділікті, даналық пен даралықты керек ететін ауыр өмір кемесінде 52 жыл қызмет еткен дара тұлғаға бас имеске болама?! Толығырақ »
Біліктілік бастауы – білім ордасы(ҚазҰУ-дың 80 жылдығына)
Технология кеңістігінде өмір сүретін жеке тұлғаның жоғары оқу орнынан алатын мамандығының деңгейі білімділігімен емес, біліктілігімен өлшенетін уақыт жетті. Біліктілік – парасаттылық пайымы. Осы парасаттылықты бойына қалыптастыра білген жас маманды оқытудың тиімді әдістерін оқу ордасы өзіндік амалдарымен қолдана білуі тиіс. Біздің университетіміз бұл салада қаншама тиімді ұстанымдарды қалыптастырып келе жатқаны көпшілікке мәлім. Соның бірі – университет студенттері оқуға міндетті «100 кітап» жобасы. Толығырақ »
Ерекше мазмұнды ашық сабақ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «100 кітап» жобасы жұмыс істейді. Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушысы С. Нұрахметов 29 сәуір күні ақын М.Шахановтың шығармашылығына арналған «Қырандар төбеге қонбайды» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Бұл сабақтың ерекшелігі сол – ақын Мұхтар Шаханов сабақтың өту барысында өзі сабаққа қатысып отырды. Сабақтың құрылымы да ерекше: сабақтың әрбір минуты Шаханов шығармашылығының өзіндік ерекшелігін қамти отырып, арнайы бөліктерге бөлінген. Мысалы, «сандар сөйлейді» минутында Шахановтың өмірі хронологиялық тәртіппен баяндалды; «поэзия» минутында ақынның әр тақырыптағы өлеңдері оқылды; «сазды әуен» минутында белгілі әндері шырқалды; «ақын оқырмандармен минутында» ақынның әр жерлердегі кездесулеріне қатысты слайдтар көрсетілді; «замандас сыры» минутында ақын өмірінің қызықты сәттері, т.б. баяндалды. Ашық сабақтың соңында ақынның жыр жинақтары студенттерге тегін таратылды.
Жұмағұлова А.Ж.
мемлекеттік тіл кафедрасы меңгерушісінің
оқу-әдістеме және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к., доцент
