Май 2014
Ерекше мазмұнды ашық сабақ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «100 кітап» жобасы жұмыс істейді. Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушысы С. Нұрахметов 29 сәуір күні ақын М.Шахановтың шығармашылығына арналған «Қырандар төбеге қонбайды» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Бұл сабақтың ерекшелігі сол – ақын Мұхтар Шаханов сабақтың өту барысында өзі сабаққа қатысып отырды. Сабақтың құрылымы да ерекше: сабақтың әрбір минуты Шаханов шығармашылығының өзіндік ерекшелігін қамти отырып, арнайы бөліктерге бөлінген. Мысалы, «сандар сөйлейді» минутында Шахановтың өмірі хронологиялық тәртіппен баяндалды; «поэзия» минутында ақынның әр тақырыптағы өлеңдері оқылды; «сазды әуен» минутында белгілі әндері шырқалды; «ақын оқырмандармен минутында» ақынның әр жерлердегі кездесулеріне қатысты слайдтар көрсетілді; «замандас сыры» минутында ақын өмірінің қызықты сәттері, т.б. баяндалды. Ашық сабақтың соңында ақынның жыр жинақтары студенттерге тегін таратылды.
Жұмағұлова А.Ж.
мемлекеттік тіл кафедрасы меңгерушісінің
оқу-әдістеме және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к., доцент
Ғылым жолы – сара жол
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қаратаев Төреғали Қаратайұлы 1934 жылы 8 мамырда Ақтөбе облысы, бұрынғы Қарабұтақ қазіргі Әйтеке би ауданының Аққұм ауылында (ағайдың өз сөзімен айтсақ) ақ боранда дауылдата жарық дүниенің есігін ашқан. Жастай ата-анасынан айырылса да, тағдырдың талай теперішін көрсе де, өмір атты асау толқынның ырқына көнбеген, қиындығына мойымаған, білім мен ғылымға деген құштарлық пен еліме адал еңбек етсем деген ізгі ниет, ақ тілекпен, азаматтық парызым өтесем деген жастықтың жалынымен қайраттанған жас Төреғали ауылдағы орта мектепті бітірген соң, 1949 жылы Ақтөбе педагогика училищесіне келіп оқуға түседі. Училищені озат тәмамдаған соң, ҚазМУ-ға оқуға түседі. 1953-1958 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде білім алып, табысты бітіргеннен кейін, ұстаздық еңбек жолын Алматы облысы, Шамалған ауылында бірер жыл мұғалім болудан бастайды. Толығырақ »
Ұстаз ұлағаты ұмытылмас
Аяулы ана, асыл жар, ардақты ұстаз, парасатты ғалым, сыйлас та сырлас құрбы – осы мәні терең сөздердің бәрі бір ғана тұлғаның бойында кездесуі – өте сирек кездесетін құбылыс. Ал атына заты сай Раушан Мағзұмқызы Мансурова болмыс-бітімінде осы асыл қасиеттің бәрі жинақталған кесек тұлға болатын. Үйде – қамқор ана, адал жар, ардақты әже, жұмысында – өз ісіне берілген білікті маман, үйдегі тірлігін де, түздегі ұстаздық жұмысымен қатар ғылыми шығармашылығын да ақсатпай тең сатыда ұстаған асыл жан өзінің ғылыми жолын 1963 жылы қазақтың киелі қара шаңырағы атанған айтулы білім ордасы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетіне оқуға түсуден бастады. Белгілі қазақ жазушысы Мағзұм Тиесовтың қызының әке жолын қуып, гуманитарлық мамандықты емес, жаратылыстану факультетін таңдауы да бір ерекше қадам еді. Үлкен өмірге деген алғашқы қадамын ҚазМУ-дан бастаған Раушан Мағзұмқызының бүкіл ғылыми-педагогикалық шығармашылығы, ұстаздық жұмысы өзінің химия факультетімен тығыз байланысты болды. Толығырақ »
АБАЙДЫ БІЛМЕК ПАРЫЗ — 2014
Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми конференциясы
(Конференция жайында)
Конференцияның төрағасы:
Жанғара Дәдебаев,
филология ғылымдарының докторы, профессор
«Абайды білмек парыз» деген атпен студент жастардың электронды ғылыми конференциясы тұрақты түрде өтетін болады. Конференцияның мақсаты — студент жастарды Абайдың өмірі мен шығармашылығын білуге, зерттеуге, насихаттауға баулу. Конференцияда Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуге шек қойылмайды. Тіл білімі, әдебиеттану, мәдениеттану, философия, педагогика, этика, эстетика, әлеуметтану және басқа ғылым салаларында, сондай-ақ бірнеше ғылым тоғысында пәнаралық сипатта дайындалған баяндамаларға ерекше мән беріледі. Конференцияға Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алушы жастар ешбір шектеусіз қатыса алады. Қазақстаннан тыс жерлердегі жоғары оқу орындарында білім алып жүрген жастардың қатысуына да жол ашық. Конференцияның тұрақты ұйымдастыру комитетіне келіп түскен баяндамалар алдынала сараптан өтеді. Аса қажет болған жағдайда, конференцияға келіп түскен баяндамалардың мәтініне стильдік тұрғыда редакция жасалуы мүмкін. Конференция материалдары сайтта жайғастырылғаннан кейін жарияланған болып есептеледі.
Конференцияға қатысуға тілек білдіргендер
өз баяндамаларын (Word немесе PDF форматында)
мына мекен-жайға жіберуіне болады:
Abai_inst@mail.ru
Конференцияның жауапты хатшысы Ерхан Карбозов e.karbozov@mail.ru
Г. Дайрабекова. Татьянаның Онегинге хаты: асылнұсқа және аударма
Г. Даутова. Абайдың “Ескендір” поэмасының шет тілдеріне акдарылу мәселесі
Г. Нурашева. А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романының қазақ тіліндегі аудармалары жайында
Қариялар азайып бара жатыр
Жуырда, сәуірдің 25-і күні, журналистика факультетінің 2 – курс студенттері мен мемлекеттік тіл кафедрасының құрамындағы “Ұтқыр ұрпақ”, “Сөз маржаны”, “Ақ сөйле” клубтарының қатысуымен Алматы қаласындағы Абай мен Шаляпин көшелерінің қиылысында орналасқан “Ардагерлер үйінде” “Aйналаңды нұрландыр” жобасы аясында қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.
Қарттар үйінде 138 адам бар екен. Мұндағылардың 11-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 14-і еңбек және тыл ардагерлері, 14-і 1-топтағы мүгедектер екен. Қарттар үйіндегілердің 19% — ы қазақ ұлтынан болса, қалғандары өзге ұлт өкілдері. Қарттар үйі директорының орынбасары Нұрзия Ағабекқызының айтуынша, жылдан – жылға мемлекет тарапынан оларға бөлінетін қаражат артып отыр. Толығырақ »
“Көктем жыры” кеші
2014 жылдың сәуір айының соңында мемлекеттік тіл кафедрасының “Ұтқыр ұрпақ” тілдік-танымдық кезекті іс-шарасы “Көктем жыры” атты тақырыпта журналистика факультетінің 2 — курс студенттерінің жыр мүшәйрасына арналды. “Көктем жыры” деп аталу себебі де түсінікті, студент жастардың көктем, ана, гүл, сағыныш, махаббат, сезім туралы өлеңдерін тыңдарман қауымға өз оқуында таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Айгүл Орынбаева, Нұргүл Махамбетиярова, Файзолла Олжас, Ақтілек Төленді, Нұрбек Нұржан, Құдайберген Арман сияқты жастар өз өлеңдерін оқыды. Балауса сезімдерін жыр жолдарына түсірген студенттердің қадамына қызыға қарап, шығармашылық сәттілік тіледік. Толығырақ »
Жұмағали Ысмағұлов. АБАЙ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПУШКИН
Абайдың Пушкин мұрасынан тәржімалаған шумақтары туралы бізде айтылған пікірлер аз емес. Әрісі Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлынан, Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқановтан бастап, кейінгі әдебиетшілеріміздің талайы бұл турадағы ойларын ортаға салған. Бірақ туған әдебиетімізге көркем аударма дәстүрін тұңғыш рет енгізіп, соның тамаша үлгісін қалдырып кеткен Абай тағылымы жөнінде, біздегі аударма саласы барған сайын өрістеп, оның тәжірибесі молая түскен сайын, әлі де айтылар сөз аз болмаса керек.
Абайдың Пушкиннен аударғаны көп емес. «Евгений Онегиннен» іріктеп қазақша өлең еткені жеті ғана үзінді. «Онегиннің өлердегі сөзі» деген төрт жарым шумақты (он сегіз тармақ) Абай жанынан қосқан. Бары осы. Толығырақ »
Майтанов Б.Қ. М.О.ӘУЕЗОВ ПУШКИН МЕН АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ ТУРАЛЫ
Мұхтар Әуезовтің Жидебай өңіріндегі бала күнінен таныс А.С.Пушкин есімімен бетпе-бет кездескендей тым жақын ұшырасатын шағы Ленинград университетінде оқыған жылдары болса керек (1923-1928 жж.). Соңғы кездері «М.Әуезов үйінің» қолжазба қорындағы 238-бумадан бұрын еш жерде жарияланбаған «Экспозиция и завязка символической драмы (пьесы Метерлинка, Ибсена, Гауптмана и Л.Андреева)», «Поэзия чистого искусства 60-х годов» және «Особенности драматургических приемов Пушкина» атты шағын зерттеулер табылып, жазушының 50 томдық академиялық басылымында жарияланды (1.19-22). Осы қатарда «Драмы Чехова» деген мақала да бар. Тәрізі, бұл еңбектер ғылыми жиындарда жасаған баяндамалар болса керек. Аталған дүниелер теориялық негізінің тереңдігімен, М. Әуезовтің орыс тілді туындыларына тән айшықты, оралымды стилімен ерекшеленеді. Толығырақ »
Ақбота Ахметбекова. ИАСАУИ МЕН АБАЙДЫҢ ПОЭТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРІ
Абайдың философиялық өлеңдерінің тұғыры қайда дегенде, еріксіз Шығысқа, Шығыс емес-ау, өзіміздің ата-баба мұрамыз Иасауидің қазақ жадында сөзбен нақышталған сұлбасына көз тігерімізді енді білгендейміз. Иасауи өзінің сопылық оқуын танытатын, уағыздайтын, насихаттайтын өлеңдерімен философиялық мәселелердің поэзияға жол салып, жаңа тақырып, тың дәстүр болып, қазақ әдебиеті төрінен орын алды. Философиялық өлеңдер өзінің мақсатына сәйкес танымдық, пайымдық, дидактикалық сарынымен дамуда. Иасауи салған дәстүр Сүлеймен Бақырғанидың діни жырларында, Бұқар жыраудың саяси толғауларында, Шортанбай сияқты ақылдарымыздың тұрмыстық-сын шығармаларында жалғастық тауып келді. Ал осы дәстүрдің лирикада, яғни адамның жан-сезімімен жырлануында ұлы Абайдың өлеңдерінен көрінсе керек. Толығырақ »
ҒАСЫРДА БІР ТУАТЫН ДАРАБОЗ
«Ғасырда бір туатын дарабоз» деген тақырыпта Философия және саясаттану факультеті жалпы және этникалық кафедрасының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «100 кітап» жобасы аясында өткізілді. Кешке ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы Мақатаев қатысты. «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының 1,2,3 курс студенттері ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқау, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісінен көрініс қою секілді өнерлерін паш етті. Толығырақ »



