Мақалалар
Майтанов Б.Қ. М.О.ӘУЕЗОВ ПУШКИН МЕН АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ ТУРАЛЫ
Мұхтар Әуезовтің Жидебай өңіріндегі бала күнінен таныс А.С.Пушкин есімімен бетпе-бет кездескендей тым жақын ұшырасатын шағы Ленинград университетінде оқыған жылдары болса керек (1923-1928 жж.). Соңғы кездері «М.Әуезов үйінің» қолжазба қорындағы 238-бумадан бұрын еш жерде жарияланбаған «Экспозиция и завязка символической драмы (пьесы Метерлинка, Ибсена, Гауптмана и Л.Андреева)», «Поэзия чистого искусства 60-х годов» және «Особенности драматургических приемов Пушкина» атты шағын зерттеулер табылып, жазушының 50 томдық академиялық басылымында жарияланды (1.19-22). Осы қатарда «Драмы Чехова» деген мақала да бар. Тәрізі, бұл еңбектер ғылыми жиындарда жасаған баяндамалар болса керек. Аталған дүниелер теориялық негізінің тереңдігімен, М. Әуезовтің орыс тілді туындыларына тән айшықты, оралымды стилімен ерекшеленеді. Толығырақ »
Мүбәрәк Үмбетаев. АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ОҚУ-ҒЫЛЫМ ТАҚЫРЫБЫ
Біздің данышпан ақынымыз Абай Құнанбаев шығармашылығындағы ең өзекті тақырыптардың бірі — қазақ жастарына білім беру, оқыту ісі екені рас. Жастарды оқытудағы мақсат не, балаларына білім бермек болған ата-ананың, үлкендердің көздегені не еді, ал оқуға ұмтылған сол жастардың өздерінің діттегені, алға қойған арман-мұраты қайда жатыр – міне, тура осындай мәселелер ұлы Абайды көп толғандырғаны, барынша тебіренткені даусыз. Мұны ойшыл ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» атты өлеңдерінен байқаймыз. Алдымен, ақын өз басындағы кешігушіліктен бастайды: Толығырақ »
Серік Негимов. «ҚАЙҒЫ ШЫҒАР ІЛІМНЕН…»
Жарық дүниеге, Абайдың пайымдауынша айтсақ, «кейіс дүниеге» келген адамның түбінде жалғанның жалғандығына бір көзі жететіні анық. «Жылап туып, кейіп өлгенше «маңдайыңа жазылғанды басыңнан кешіріп барып, «әурешілікті көре-көре» тіршілік етесің. Қуаныш-ренішін, жұбаныш-жалғандығын, рахат-азабын сезініп, өкініш-үмітпен өміріңді өткізесің. Түптеп келгенде, мәселе онда емес, мәселе: ғұмырыңның қиюы қалай келсе, соған ыңғайланып өзіңше қам-қаракет жасауыңда. «Алыстың, жұлыстың, айтыстың, тартыстың» (Абай). Бәрі де көрген түстей боп кейін қалды. Енді өкін мейлі, өкінбе мейлі, бәрібір қайыра қалпына келмейді. Енді ақылыңа азық боларлық жалғыз-ақ жол бар, ол — сол «кейіс дүниеден» мағына іздеу. Толығырақ »
Зүфар Сейітжанұлы. Абай мен Ақыт
Қандай бір өнер иесі болса да оның үлгі-өнеге алған тәлімдік мектебі болары белгілі. Тамырын тереңге тартып, кемелденуіне ықпал етер бастау-бұлағы болмақ. Ақыт ортасынан оқшау өскен ақын емес, талап-талантының ұшталып-шыңдалуына әсер еткен өнер көздерінің бірі – халықтың ғасырлар бойы жасаған халық әдебиеті мен өзінің алдындағы ақын-жыраулар поэзиясы болса, екіншісі-ұлы ақын Абай болды. Әсіресе Ақыт өмірінің соңғы кездерінде Абайға ереше ден қояды. Өйткені ХХ ғасырдың басын ала Абай мұрасының сымбат-сәні мен терең мәні қазақ еліне ғана тарап қоймай,шекара шебінен асып, ата жұрттан алыстағы ағайындардың да үлгі-өнегесіне айналғанды. Біріншіден, Абай шығармалары қалың қауымға рухани нәр берсе, екіншіден, ақындықты мұрат еткен талапкерлердің адастырмас теомірқазығы болды. Соның бірі – Ақыт Үлімжіұлы. Толығырақ »
Ықтияр Палтөре. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІНІҢ КЕЙБІРІНЕ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Құран аяттарында: «Алла Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем есімдер Оған тән» [13, Таһа, 8-аят], «Ол сондай Алла, одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол – Патша; өте пәк, есен-амандық беруші. Қорғаушы тым үстем. Аса өктем, өте зор. Алла олардың (серік қосушылардың) қосқан серiктерiнен пәк. Ол Алла – жаратушы, жоқтан бар етуші, бейнелеуші. Оның көркем есiмдерi бар…» [13, Хашыр, 23-24-аяттар], –делінген. Сондай-ақ: (Уа, Мұхаммед! Сен) Оларға: «Алла» деп дұға жасаңдар яки «Рахман» деп дұға жасаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең көркем есімдер Оған тән» деп айт» [13, Исра, 110-аят], «Ең көркем есімдер Аллаға тән. Оған сол атаулармен (көркем есімдермен) жалбарыныңдар», [13, Ағраф, 180-аят] – деген мағынада аяттар бар. Жалпы осы көркем есімдердің саны туралы Мұхаммед пайғамбардың хадистерінің бірінде: «Алланың тоқсан тоғыз, бірі кем жүз есімі бар…» [Хадис: Бұхари, Дағуат-6047], – деп айтылған. Толығырақ »
Ерхан Кәрібозов. АБАЙТАНУДЫҢ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ
Абайтану мәселесі жылдар бойына зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Қазақ әдебиеті туралы сөз қозғаған зерттеуші, ғалым, ақын, жазушылар сөзінің біссімілләсін Абай шығармашылығынан бастайтыны көзі қарақты оқырман қауымға әбден таныс.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап Абай шығармашылығына жаңа көзқараспен пікір айтыла бастады. Қ. Мұқамбетқанов, М. Мырзахметов, З.Ахметов, т.б. Абай шығармашылығының қыр-сыры төңірегінде түрлі бағытта келелі зерттеулер жүргізгені белгілі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Абай шығармашылығының кеңес үкіметі кезінде тыйым салынған тұстары жаңа көзқараспен зерделенуде. М. Әуезов бастаған зерттеушілер шоғыры жылдар бойы жабулы күйінде қалған Абайдың ақындық айналасы деген мәселе төңірегінде шәкірттері, балалары Шәкәрім, Ақылбай, Әріп, өзімен үзеңгілес жүрген Байкөкше шығармашылықтары туралы да кеңінен зерттеу қолға алынып жатқаны қуантарлық жайт. Толығырақ »
Жанғара Дәдебаев. АБАЙДЫҢ «СЕГІЗ АЯҒЫ»: МӘН МЕН МАҒЫНА ПОЭТИКАСЫ
«Сегіз аяқ» [1] — бүтін бітім. Жүйелі бүтіндік. Абайтану ғылымында «Сегіз аяқ» хақында айтылған ойлардың маңызы зор. «Сегіз аяқтың» «ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен бір белгідей әрі мол, әрі бар жағынан көркем келісті шыққан, зор шығарма» [2, 143] екендігі туралы М.Әуезов берген биік баға бүгінге дейін аласарған емес. Академик З.Ахметов «Сегіз аяқтың» мазмұнына да, пішініне де терең бойлап пікір түйеді. Ғалым өлең өзегінен «өмірді көрегендікпен тани білу, шындық пен әділеттілікті сарыла іздеу, халықты «түзу жолға», мәдени, прогрестік даму жолына, шығуға бағыттау сияқты аса маңызды идеялар айқын танылатынынa» [3, 57] көз жеткізеді, ал әнмен айтылғанда оны «басталуы бар, шарықтау шегі бар, аяқталуы бар симфониялық поэма түріндегі шығарма» [3, 223], — деп біледі. C.Мұқанов [4], Қ.Жұмалиев [5], Ж.Ысмағұлов [6] еңбектерінде негізделген ойлардың маңызы үлкен. Толығырақ »
Жұмат ТІЛЕПОВ . АБАЙДЫҢ «ЕСКЕНДІР» ПОЭМАСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ
Сандаған ғасырлар бойы батыс пен шығыстың талай елінде Ескендірдің жорық жолын дәріптеген көптеген туындылар дүниеге келді. Тек бір ғана шығыс елдерінің өзінде Балами, Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты таланттардың негізгі шығармалары Александрдың жорық жолдарын уағыздауға арналған. Оның сыртында халық атымен айтылатын көптеген аңыздар қаншама! Ежелгі римдік тарихшы Ф. Аррианнан бастап бірсыпыра тарихшылар Ескендір Зұлқарнайын патшаның өмір тарихын ыждаһаттылықпен хатқа түсірген (Арриан, Поход Александра. М. Л, 1962). Демек, Александр хақындағы әдеби шығармалар да, тарихи еңбектер де, фольклорлық туындылар да аз емес. Толығырақ »
Ә. Тарақов. ГЕТЕ – ЛЕРМОНТОВ – АБАЙ: ОЙ МЕН СЕЗІМ ҮНДЕСТІГІ
Гетенің «Ночная песнь странника» – «Жолаушының түнгі жыры» 1780 жылы 7 қыркүйекте түнде Ильменау маңайындағы Кихельхан тауының басындағы ағаш үй қабырғасына қарындашпен жазылған. Толығырақ »
М. Қожақанова. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӨРІСІ
Абайдың шығармашылық мұрасын тұтас-тай алғанда да, жеке бір туындысын бөліп алып қарағанда да мазмұн мен мағынаның, мәннің байлығы мен тереңдігі ерекше байқалады. Негізінде Абайдың әр сөзінде бай мазмұн бар, мазмұнның түрлі мағынасы бар, одан келіп шыға-тын поэтикалық мән бар. Олардың әрқайсысының мәнісін тану, қабылдау оңай емес. Абайдың әр шығармасының, ақынның өзі айтқандай, «сырты күміс, іші алтын» болып келеді. Басқаша айтсақ, ақын шығармасының пішіні келісті болғанда, мазмұны одан асып түседі. Сондықтан Абайдың шығармасының мазмұны мен мағынасын, мәнін ұғу, түсіну өте қиын. Белгілі бір түсінігі, білім деңгейі жоқ кісі Абайдың сөзін де, ойын да тиісті деңгейде түсіне алмайды. Біздің бұл айтып отырғанымыз Абайды қазақ тілінде оқитын оқырмандардың қайбір тобына қатысты. Ал Абайды қазақ тілінде оқи алмайтындардың Абай туралы түсінігі, Абайдың ақындығы туралы ұғымы мүлде басқаша болуы мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде, Абайдың көркемдік әлемін түсіну, оны қабылдау өз алдына зерттеу нысаны болуға лайықты, іргелі ғылыми мәселелердің бірі болып табылады. Толығырақ »








