Цифрлық кітапхана
Қ.Жұбанов. АБАЙ — ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ
(Абай туралы кітапшаның үзіндісі)
Сонда жауап бере алман мен бишара!
Сіздерге еркін тиер байқап қара!
Абай.
1. Еленбеген ерекшелік
Қазақ әдебиетінің тарихындағы Абайдың ұстайтын орнын босағаға қарай ысырмалаушылар, оған да місе тұтпай, табалдырықтан шығарып тастаушылар, менің байқауымша, даусыз бір моментті ескермей жүр; ол — өз тұсында, жалғыз қазақ қана емес, басқа көршілес елдерден де Абайдың әдебиеттегі үздіктігі. Толығырақ »
А. Машанов. ҰЛЫ ҰСТАЗ АБАЙ
Қәзір Абай қазақ халқының ұлы ұстазы десек артық айтпағанымыз. Біздер ес біліп, әріп тани бастаған кезімізде 1915 жылдары қазақтың екі адамының атын білдік. Оның бірі Ыбырай Балғожаұлы Алтынсарин, екіншіci — Абай Құнанбайұлы. Біріншісінің хрестоматиясы қолымызда болды, екіншісінің өлеңін жатқа айтатынбыз. Толығырақ »
А.Жұбанов . АБАЙ
Абай Құнанбаев Тобықты руынан – қазақ ақындарының ірісі, қазақтың жазба әдебиетінің ірге тасын қалаушы, 1845 жылы туып, 1904 жылы 59 жасында қайтыс болған. Білімі, шынында, өз бетімен ғана алынған, қазақ мектебінде төрт-ақ ай оқыған (орысша оқытатын мектеп.А.Ж.), ал орысша түсінуді, сөйлеуді ол Семей губерниясына ауып келіп, қазақтың аса дарынды далада жатқан сом алтындай, адамды өзіне еріксіз тартатын адамын біліп, сүйіп кеткен өзінің народовольцтері – достары арқылы үйренді. Толығырақ »
Н.Ғабдуллин. АБАЙ СӨЗДІ БҰЛАЙ САПТАМАСА КЕРЕК
(Абайдың И.А.Крыловтан аударған мысалдары турасында)
Абайдың өмірі мен творчествосын ұзақ жылдар бойында жан-жақты, терең зерттеген Мұхтар Әуезов ұлы ақынның И.А.Крыловтан аударған шығармаларын талдай келіп, мынадай тұжырым жасайды: «Мен өзімнің бала күнімнен білетін, ескі қолжазбаларды еске алғанымда, Абайдың Крыловтан жасаған аудармаларын төрт-бестен артық деп айта алмаймын. Олары: 1. «Есек пен бұлбұл»; 2. «Бүркіт пен қарға»; 3. «Шегіртке мен құмырсқа»; 4. «Түлкі мен қарға»; 5. «Піл мен қанден» (М.Әуезов. Әр жылдар ойлары. А, 1959, І66-бет). Толығырақ »
Е.Ысмайылұлы, З.Шашкин. АБАЙДЫҢ ПОЭТИКАСЫ
ӨЛЕҢ ӨРНЕКТЕРІ
Абай — қазақ поэзиясының сөзсіз бір биік асқар белі. Қазақ поэзиясына тұйықтан жарып шын мәнді поэзияның тұңғыш есігін ашты. Әдебиет тарихымызда поэзияның айқын жолдарын салды. Ол жол қазіргі әдебиетімізде де сайрап жатыр. Толығырақ »
Абдрахман САҒДИ. АБАЙ
Атақты қазақ ақыны Абайдың өлеңдері қазіргі уақытқа шейін үш рет бастырылып таратылған:
1-баспасы 1909 жылы Петроградта «Шарх баспаханасында» басылған;
2-баспасы 1922 жылы Қазанда Татарстан Республикасының баспаханасында бастырылған;
3-баспасы 1922 жылы Ташкентте бастырылған.
1-Баспасы ескі, емлесі ескі, ескі болғанда өте орасан. Баспа реті жөнсіз. Көп сөздері қисынсыз қате басылған, оқушы айыра алмастай жерлері көп болған екен. Қазанда бастырылған 2-баспасындағы қателер Мұхтар Әуезовтің жәрдемімен түзетіліп бастырылған екен. Бұл екінші баспасы Бернияз жолдастың даярлауымен бастырылған көрінеді. Екінші баспасының үлкендігі 207 бет. Толығырақ »
Сәбит Мұқанов. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
Бұл монографиялық еңбегімді 1945 жылы жазып бітірген ем. Сол жылы қазақ халқының ардақты ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 100 жыл толуына жұртшылық зор қуанышпен тойлаған болатын.
Ақындық шеберлігі баршамызға үлгі болған Абайды терең білу, оның мұрасын меңгеру ісін мен өзіме кезекті міндет тапқандықтан, көлемді еңбек жазумен щұғылданып жүретінмін. Абай творчествосының халықтық мәнін ашып, оның өлең өрнегі мен кестесіне ой жүгірткен еңбегім ақынның 100 жылдық мерекесіне бағышталып шыққан жинағына кіріспе сөз болған. Алайда Абай жайындағы бұл еңбегім түгелдей жарияланбаған еді. Толығымен көшіріп алу
М.Әуезов. АБАЙДЫҢ ӨМІРБАЯНЫ (1950)
Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған тобықты руының ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі — Құнанбай, атасы — Өскембай, арғы атасы — Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар. Ақынның бұлардан арғы аталары Айдос, Олжай болады. Олжайдың үш ұлы: Айдос, Қайдос, Жігітек. Тобықтының атақты жуан биі Кеңгірбай — осы Жігітектің баласы, Қайдостан Бөкенші, Борсақ тарайды. Толығымен көшіріп алу