Зерттеу нәтижелері
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ДЕРБЕС ҚОРЫ
Абай ұлылығын тануға, танытуға деген ұмтылыс Абай өлген күннен бері әлі күнге тоқталмай жалғасып келеді. Осындай ниеттен туған еңбектердің бір парасы – «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдығы. Бұл кітаптарды баспаға дайындаушы ғалымдар көптомдықтың маңызы туралы айтып берген еді. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.
Абайтану ғылым саласы, оқу пәні ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қалыптасты. Абайтанудың ғылым саласы, оқу пәні ретінде дамуының барлық кезеңдерінде осы университеттің ғалым-ұстаздары ерен еңбек етті. Толығырақ »
АБАЙ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ИНТЕРМӘТІНДІЛІК
Сөз өнері үшін мәнді өмірлік құбылыстың қайсысының болмасын өмірде болмас бұрын өмірде көрінбегі, суреткерді толғандырмас бұрын қауымды ойландырғаны шарт. Әдеби шығармашылықтың интермәтіндік болмысының бір сыры осында. Әлемді мойындатқан әрбір көркем туынды — жалпы адамзаттық эстетикалық бірлік пен ұлттық әдеби танымның ерекше симбиозы деген пікір орныққан, өйткені терең үндестік пен айқын ерекшеліктің мұндай көріністері таң қалдырады. Қай кезде болсын өнер атаулы қырық құйқылжып жатқан әлеуметтік құбылыстардың астарына үңіліп, өткен тарих тәжірибесіне сүйеніп, болашағына көз сала отырып, дамуға тырысар. Толығырақ »
ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ
Абайтану институтының әдебиетшілер тобы профессор Жанғара Дәдебаев басшылығымен Абайтанудың он томдық ғылыми басылымын шығарған болатын. Онда белгілі Абайтанушылардың әр жылдарда жарияланған зерттеулері енген. Профессор Рақымжан ТҰРЫСБЕК таңдамалы еңбектің ғылыми маңызына тоқталған еді. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.
Абайтанудың он томдық таңдамалы ғылыми басылымын шығарардағы ұжымдық еңбекке қатыстым. Бұл, негізінен, «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» деген ғылыми жоба аясында орындалған жұмыс. Мұнда абайтану ғылымының арғы-бергі тарихы, бүгінгі жеткен жетістіктері, болашақ өрісі баяндалады. Толығырақ »
АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Абай өмірі мен шығармашылығына ойлы көзбен қарай алған әрбір ізденуші Абайды оқыған сайын жаңа қырынан тани түскенін айтады. «Жүрегінің түбіне жұмбағын» жасырып қалдырған осы бір ұлы адамның мұрасын жүйелеп зерттеуге атсалысып келе жатқан Абайтану институты ғалымдары да осылай дейді. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.
Абайтану тақырыбын біз қазір қозғап жатырмыз ғой. Бірақ мұның барлығы да маған алғашқы қадамдар сияқты көрінеді де тұрады. Өйткені, «абайтану» деген бұл өте күрделі дүние. Абай күрделі адам. Біз қазір абайтанудың қырықтан аса кітабын дайындап қойдық. Толығырақ »
Абай шығармаларының текстологиялық мәселелері көп
«Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухани соншалық жақындармыз…» деген Міржақып сөзі жыл өткен сайын ақиқаттығына шәксіз сендіре түскендей. Хакім өмірі мен шығармашылығына тереңдеп үңілу ұлы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолынан» бастап осы күнге дейін жалғасып келеді. Одан алдын да, кейін де Абайды тануға ұмтылыс әсте тоқталған емес. Содан бері «…Қарадан хакім болған» Құнанбайұлы тұнығына бойлаған әр қазақ өзін көріпті. «…Улы сия, ащы тілді» қалқан еткен тұлға «мыңмен жалғыз алысқанын» айтады. Оның күресі бір басына қазақтың батпан-батпан қайғысын жинап алып, «жаралы болған жүрекке дауа» іздеп шарқ ұрған азапты сәттерінде қауыша беретін қараңғылықпен күрес болатын. Ғалымдар Абай мұрасы әлі де кеңінен зеттеуді қажет етеді дейді.
ЖҮЙЕЛІ ЕҢБЕК
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай институты қазіргі Абайтануға нақты үлес қосуда. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша үлкен жұмыстар атқаруда.
Тәуелсіз кездегі Абайтану өз деңгейінде дамып келе жатқаны анық. Толығырақ »
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ТҰРҒЫСЫНАН ӨЗЕКТІ
Абай дүниетанымы турасында ұдайы сөз қозғап отыру ниетінде «Абайтану» айдарын ашып отырмыз. Жобаны «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті орындағанын оқырманның қаперіне саламыз. Осы жоба аясында газетіміздің өткен сандарында «Абай және біз» деген атпен қос бірдей «Дөңгелек үстелдің» ұйымдастырылғанын да айта кеткен жөн.
Абай мұрасын игерудің игілікті, қайырлы арналары бар. Абайтанудың іргелі мәселелері ұдайы күн тәртібінде. Осы бағытта қамданып, тұтас қамтып жұмыс істеуге ынталы болып отырған Орталықтар, зерттеу институттары құрылған. Соңғы 30 жыл ауқымында да атқарылған шаруа, айқындала түсіп отырған мәселе де аз емес. Толығырақ »
АБАЙ ЖӘНЕ БІЗ
Әдебиеттанушы-ғалым Мекемтас Мырзахметұлы бір сұхбатында: «1940 жылы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романының бір тарауы – «Татьянаның қырдағы әнін» газетке жариялады. Жұрт жаппай оқыды. Роман шыққанда Бауыржан Момышұлы оған «Сені әдебиеттің полковнигі деп атаймын. Есейген Абайды білуші едім, бала Абайды білмеппін» деп хат жазды. «Қазақтың бас ақыны» Абайдан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін мықты, хакіммен деңгейлесе алатын ақын болған жоқ», – депті. Толығырақ »
АБАЙ ЖӘНЕ БІЗ
1913 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» мақаласында: «…Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр тиетіні рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда», – деген жолдар бар. Әрине, хакім Абайды түсіну өз замандастарына оңай болмаған. Күллі қазақтың бет түзейтін құбыласына айналған ақын ұлағатын біз бүгін қалай түсініп жүрміз? Толығырақ »
Майтанов Б.Қ. М.О.ӘУЕЗОВ ПУШКИН МЕН АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ ТУРАЛЫ
Мұхтар Әуезовтің Жидебай өңіріндегі бала күнінен таныс А.С.Пушкин есімімен бетпе-бет кездескендей тым жақын ұшырасатын шағы Ленинград университетінде оқыған жылдары болса керек (1923-1928 жж.). Соңғы кездері «М.Әуезов үйінің» қолжазба қорындағы 238-бумадан бұрын еш жерде жарияланбаған «Экспозиция и завязка символической драмы (пьесы Метерлинка, Ибсена, Гауптмана и Л.Андреева)», «Поэзия чистого искусства 60-х годов» және «Особенности драматургических приемов Пушкина» атты шағын зерттеулер табылып, жазушының 50 томдық академиялық басылымында жарияланды (1.19-22). Осы қатарда «Драмы Чехова» деген мақала да бар. Тәрізі, бұл еңбектер ғылыми жиындарда жасаған баяндамалар болса керек. Аталған дүниелер теориялық негізінің тереңдігімен, М. Әуезовтің орыс тілді туындыларына тән айшықты, оралымды стилімен ерекшеленеді. Толығырақ »





