Зерттеу нәтижелері
АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ МЕН ІЛІМІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Абай ғылыми-зерттеу институтында 2020 жылдың 10 тамызы күні «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы мен ілімі» деген тақырыпта сырттай ғылыми конференция басталды. Алдын ала түскен сұраныстар бойынша, конференция бағдарламасында мынадай баяндамалар бар:
- Дәдебаев Жанғара Дәдебайұлы,
филология ғылымдарының докторы, профессор
(Алматы)
Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен негіздері.
- Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлы,
филология ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстанның Ғылымға еңбек сіңірген қайраткері
(Шымкент)
Абайдың толық адам ілімі.
- Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы,
филология ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА академигі (Нұр-Астана)
Абай ілімі.
- Жаксылыков Аслан Жәмелұлы,
филология ғылымдарының докторы, профессор
(Алматы)
Щедрый дар. Толығырақ »
«АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР» ХІ-ХХХV томдарының таныстырылымы
2018 жылы 20 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде Абай ғылыми-зерттеу институты дайындаған «АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР» ХІ-ХХХV томдарының таныстырылымы өтті. Рәсімді Институт директоры ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЕВ жүргізіп отырды. Толығырақ »
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының ХХХ-ХХХV томдары жарық көрді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасынан АБАЙ ҒЗИ дайындап, құрастырған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының ХХХ-ХХХV томдары жарық көрді. Толығырақ »
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРА ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
«Қазақ әдебиеті» әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында «Абайдың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» деген тақырыпта конференция өткізді. Конференцияға осы тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуші ғалымдар, ұстаздар, магистранттар, докторанттар қатысты. Конференцияда жасалған баяндамаларды, сөйленген сөздерді ықшамдап жариялап отырмыз. Толығырақ »
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРА ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
«Қазақ әдебиеті» әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында «Абайдың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» деген тақырыпта конференция өткізді. Конференцияға осы тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуші ғалымдар, ұстаздар, магистранттар, докторанттар қатысты. Конференцияда жасалған баяндамаларды, сөйленген сөздерді ықшамдап жариялап отырмыз. Толығырақ »
ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕРДІҢ VIII ТОМЫ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты абайтану бойынша ғылыми зерттеулерді жүйелеп, жарыққа шығару ісін жалғастыруда. «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымының VIII томы осы игілікті істің жалғасы болып табылады. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми-зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.
«Абайтану. Таңдамалы еңбектердің» VIII томында Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеудің нәтижелері көрініс тапқан. Толығырақ »
АБАЙ ІЛІМІ – КҮРДЕЛІ ІЛІМ
Абай мұраларын, ілімі мен өнегесін жастардың бойына сіңіру жолында «Абайтану» институты ғалымдары аянып жүрген жоқ. Бүгінде абайтанудың отыз томын жарыққа шығарды. Абайтану ғылымының басы-қасында жүрген ғалым, профессор Жанғара ДӘДЕБАЕВ Абай ілімін меңгеру терең білімді талап етер күрделі іс екендігін айтады. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.
– Абайтану институты ашылғалы бері Абай мұраларын зерттеп-зерделеуге сүбелі үлес қосып келеді. Студенттердің жүрегіне Абай ілімін сіңіруде оқытушы-ғалымдар теория мен практиканы теңдей ұштастыра алып жүр ме? Толығырақ »

