Жарқын жаңалықтар
Қазақ радиосы мен Абай ғылыми-зерттеу институтының бірлескен жобасы «Абайға көзқарас» тақырыбындағы радиоконференцияcы болып өтті
«Ойдода»
Қымбатты тыңдаушы! Қазақ радиосы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Абай ғылыми-зерттеу институтының бірлескен жобасы бойынша «Абайға көзқарас» тақырыбындағы радиоконференцияны «Ойдода» хабарының аясында ұсынып отырмыз.
Радиоконференцияға қатысушы ғалымдар:
Абай ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Жанғара Дәдебаев;
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор Өмірхан Әбдіманұлы;
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Аударма теориясы мен методологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор Әнуар Тарақ;
Филология ғылымының докторы, профессор Зейнол-Ғабиден Бейсенғали;
Филология ғылымының докторы, профессор Жұмат Тілепов;
Филология ғылымының докторы, профессор Қанипаш Мәдібаева;
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жолдас Мәмбетов;
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ерхан Кәрбозов;
Махат Садық, Қазақ радиосының директоры:
Абай-ұлт ұстазы. Ғұламаның өлеңін оқысақ, өнеге өріледі, қара сөзіне үңілсек, ұлылықтың үлгісі төгіледі.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті» деген болатын. Заман озып, дәуір жылжыған сайын Абай жаңара береді, жаңғыра береді. Қазақтың қара шаңырағы, ұлттың үнжариясы, 90 жылдық тарихы бар-Қазақ радиосы Тәуелсіздігімздің жиырма бірінші жылын ғұлама, дана, данышпан, философ, хакім, ақын Абаймен аттамақ. Қазақ ұлттық университетінің Абай ғылыми-зерттеу институты мен Қазақ радиосының бірлескен жобасы – «Абайға көзқарас» тақырыбындағы радиоконференция ұйымдастырудағы басты мақсат – жаңа ғасырда Абайды жаңашы ұғып, жаңаша танысақ деген ойдан туған-ды. Әр таңымызды Абаймен атырып, әр күнімізді Абаймен батырсақ ұлттың ұтары көп.
«Ойдода» радиоклубының авторы және радиоконференцияны жүргізген Еділ АНЫҚБАЙ;
«Ойдода» радиоклубының редакторы Ерболат АЙТБАЙҰЛЫ.
http://kazradio.kaztrk.kz/kaz/interviu/Ojdoda_id1325236500.html
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты 2011 жылға жоспарланған ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін монография түрінде баспаға ұсынды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты
2011 жылға жоспарланған ғылыми зерттеулерінің
нәтижелерін монография түрінде баспаға ұсынды:
АБАЙТАНУ. АБАЙ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ. БІРІНШІ ТОМ – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 260 бет.
Монография Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында пәнаралық байланыстар аясында орындалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде дайындалған. Кітаптың басында монографиялық зерттеудің методологиялық бағдарлаушысы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Абай туралы сөз» атты еңбегі арнайы берілді.
Монографияның авторлар ұжымы – уиверситеттің белгілі профессорлары, ғалымдары. Зерттеу еңбек үш бөлімнен тұрады: а) Абайдың антропологизмі; ә) Абайдың шығармашылық айналасы; б) Абайдың психопоэтикасы. Монографияда негізделген тұжырымдар, қағидалар, ойлар мен пікірлер қазіргі абайтану ғылымындағы жаңалық, жаңа білім болып табылады.
Монография абайтану ғылымы саласында маманданушы магистранттарға, докторанттарға және оқытушы-профессорларға, зерттеушілерге арналған.
ывв
ываываывывы



