Жарқын жаңалықтар
Танымал ғалымның тағылымды дәрісі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тіпдері факультетінің мемлекеттік тіл кафедрасында сәуір айының 3-і күні «Сөз мәдениетінің ортологиялық негіздері» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті. Семинарда А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан арнайы шақырылған танымал ғалым, профессор Нұргелді Уәли дәріс оқыды.
Дәріс барысында сөз мәдениетінің осы кезге дейін негізінен тілдік құрылымдық жүйеде зерттелсе, ендігі жерде антропоцентристік бағытты бағдарға алуы жан-жақты сөз болды. Сөздің коммуникативтік сапасына баға беру тілдік норма жағынан қарастырылмай, тілдік және тілдік емес мәнділіктерді тек нормативті аспектіде зерттеу және функционалдық, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени аспектіде қарау, тілдік тұлғаны сөз мәдениеті пәнінің түпқазық ұғымы ретінде алу, сөз мәдениеті осыған дейін сөйлеу позициясы тұрғысынан қарастырылса, ендігі тұста тыңдаушы тұрғысынан қарау коммуникативтік аспектідегі жаңалық ек Толығырақ »
Ұлы Жібек Жолының экономикалық дамуына үн қосқан шәкірттер
Университетіміз академиялық мобильдік жүйе бойынша студенттерін шетелге жіберуде. Оған дәлел: Филология, әдебиеттану және әлем тілдері мен Шығыстану факультетінің студенттері «Мевлана» бағдарламасымен Анкара қаласының Гази университетінде тәжірибе алмасып, білім алуда. Түркі қандастарымыз студенттерді құшақ жайып, жылы қарсы алыпты. Молдажанов Ербол, Сансызбай Балжан, Абдуллаева Дәметкен, Талап Шерхан сынды студенттер барған күннен-ақ ерекше белсенділіктерімен көзге түсе бастапты. 12-13 наурыз аралығында Hacettepr университетінің ұйымдастыруымен «Жібек жолының бойында орналасқан Түркі халықтарының экономикалық іс бірлігі» атты конференция өтті. Конференция мақсаты: болашақта күш біріктіре отырып, ары қарай экономикалық дамудың жолын іздеу, дағдарысқа жол бермеу. Толығырақ »
Аударматану ғылымында өзіндік орны бар оқу құралы
Аударма жұмысы – бүгінгі таңда мақсат-мүддесі, тіршілік-әрекеті бір адамзат қоғамындағы аса маңызды, шартты құбылыс. Аударма – ұшан-теңіз өмір өмір ағысының барлығын ұштастыруға себепші болып отырған елеулі күштердің бірі. Сондықтан аударма қарқындап дамыған қазіргі кезеңде аударма теориясы мен тәжірбиесіне арналған қазақша оқулықтар мен оқу құралдарының жазыла бастауы заңды құбылыс. Жақында «Қазақ университеті» баспасынана доцент Е.К.Кәрібозов, М.Н.Жұмаділованың «Мәдениетаралық коммуникация және аударма мәселелері» деп аталатын оқу құралы жарық көрді. Оқу құралы аударма ісі мамандығының студенттері мен магистранттарына арналған. Оқу құралы үш негізгі бөлімнен тұрады. Аударматану ғылымы арқылы өзге шетел халықтарының тілін, мәдениеті мен ғылымын игерудегі мәдениетаралық коммуникацияның рөлін жан-жақты талдаған, сапалы және құнды еңбек деп айтуымызға болады. Толығырақ »
«ХХІ ғасыр аудармашысы»
2014 жылы 2 сәуірде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасындағы «TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар клубының ұйымдастыруымен «ХХІ ҒАСЫР АУДАРМАШЫСЫ » атты аудармашылар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты студенттердің сабақта алған білімдерін практикада пысықтау және «аударма ісі» деген қиын да қызық мамандыққа студенттердің қызығушылықтарын онан әрі арттыру болып табылады. Аударма ісі бөлімінің 1-3 курс студенттері «ХХІ ҒАСЫР АУДАРМАШЫСЫ » атағын иелену үшін бес кезеңнен тұратын сайыста түрлі тапсырмалар орындап, күрделі сұрақтарға жауап берді. Толығырақ »
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп!
Наурыз – мейірім мен шуаққа толы мереке. Осы мерекені асыға күтетініміз анық. Міне, биыл Наурыз мерекесін тойлай бастағанымызға да 26 жыл болды. Осыған орай, әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде «Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп» атты студенттер арасында байқау болып өтті. Байқауды филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары Салтанат Иманқұлова, Назкен Егізбаева, Шайгүл Рамазанова, Анар Ашировалар ұйымдастырды. Толығырақ »
Самал Соқпақбаевамен өткен тартымды кездесу
2014 жылдың 1 сәуірінде филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі «TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар клубында балалар әдебиетінде өзіндік із қалдырған жазушы Бердібек Соқпақбаевтың қызы, белгілі аудармашы Самал Бердібекқызы Соқпақбаевамен шығармашылық кездесу өтті. Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі Әнуар Тарақов аудармашы шығармашылығы туралы кіріспе сөз сөйледі. Толығырақ »
Семинардың жас ғалымдарға берері мол болды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасында 2013 жылдың 18 қазанында белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Есембеков Темірғали Оразғалиұлының 60 жылдық мерейтойына байланысты «Мәтін теориясы және әдеби компаративистика» атты жас ғалымдардың республикалық ғылыми-теориялық семинары өтті. Семинарға оқытушылар, докторанттар мен магистранттар, сондай-ақ ғалымның республикамыздың ЖОО-ларында оқытушылық қызмет атқарып жүрген шәкірттері, филология ғылымдарының кандидаттары Ұ. Еркінбай (С.Демирел университеті), Ә.Толысбаева (Түркістан), Г.Түсіпова (Екібастұз), Е.Адаева, Л.Дәуренбекова (Астана), т.б. қатысты. Семинарда әдебиеттану мен аударматанудың өзекті мәселелері сөз болды, мерейтой иесінің «Мәтін теориясы және поэтикасы», «Аударма және мәтінтану» атты еңбектерінің бағыттары бойынша баяндамалар оқылды. Ғылыми семинардың жас ғалымдарға берері мол болды. Толығырақ »
Варшавада Абайдың «Қара сөздері» поляк тілінде жарық көрді
Варшава. 16 маусым. Baq.kz
Польша астанасы – Варшава қаласында Абайдың «Қара сөздері» кітабының тұсаукесері болды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдыновтың сөзіне сілтеме жасаған ҚазТАГ тілшісі хабарлады 
«Варшавадағы Польски театрында өткен тұсаукесерде Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» поляк тіліне аударған Хенрик Янковски оған бұл идеяны жүзеге асыруға ұсыныс жасаған студенттер болыпты. Олар аудиторияларда слайд бойынша материалдармен танысқан екен. Ақырында шәкірттер әлемнің көптеген тілдеріне аударылған Абайдың «Сөздері» неге өздерінің туған тілдерінде жоқ екенін айтыпты», – деді баспасөз қызметкері агенттік тілшісіне.
Оның айтуынша, тұсаукесерге қатысушыларға жаңа басылымның аудармашысы қолынан қолтаңба алудың мүмкіндігі болыпты. Ал сол күні Польски театрында тараздық драматург Бақтияр Әбілдаевтың пьесасы желісі бойынша «Айша биби» спектаклі қойылды. Режиссер Әлия Баймаханова мен Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актерлер труппасы поляк көрермендеріне белгілі сюжеттің қазіргі заманға лайықтанған нұсқасын ұсынған. Онда көре алмас қорқаулардың құрбандары болған Айша биби мен Қарахан арасындағы жарқын да қысқа сүйіспеншілік тарихы баян етіледі. Спектакль қазақ тілінде жүргізілгеніне қарамастан, жергілікті жұртшылық оны өте жылы қабылдапты.
Айта кетейік, маусымның 10-нан бастап Варшавада Жамбыл облысының мәдени күндері өтіп жатыр.
Мұрат Айтқожа.
Егемен Қазақстан
АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
2012 жылы 17 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында “Абай және қазіргі заман» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-теориялық конференция (үшінші) болып өтті. Толығырақ »
Онлайн жүйесіндегі алғашқы конференция
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен «Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы биыл Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында жаңа электронды тақтамен және инновациялық технологиямен жабдықталған залда өтті. Толығырақ »