Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  

Басты бет

Ө. Әбдиманұлы. АБАЙ ЖӘНЕ АЛАШ

декан-факультета-682x1024

Ө. Әбдиманұлы

Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп, кейінгі өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз. Ендеше біздің қазақ халқының тарихында да сондай кезеңдердің бар екендігі шындық. Қазақ халқының руханияттық дамуында осындай толағай өзгерістер мен ерекше серпілістердің көзге айрықша шалынар сәті — ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы.

Қос ғасырдың тоғысар тұсында «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» екі жаққа үңілген ұлы Абай, халықты өркениеттің өріне алып шығар амалды тапты. Ол ғылым мен білім, өнер үйрену жолы еді. Замананың тұрпатын, ұлт тұрмысының кемшілікті тұстарын Абайдай көре білген, ұлы ақындай таныған жан кемде-кем. Абай жасампаздығының мәңгілігі мен өнерінің өрістілігі осында жатса керек. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Абай феномені –  қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы орны айтып болмас ұлы құбылыс! Толығырақ »

З.Бисенғали. АБАЙ ЖӘНЕ ӘУЕЗОВ

 Абай қара сөздерiнiң «Абай жолы» эпопеясында қолданылуы әуезовтанудағы ірі проблемаларды деректі негізде қозғауға және даңқты эпопеясын жазу жолындағы М.Әуезов­тің шығармашылық лабораториясына енуге, оның әлi белгісiздеу жатқан астарларына көз жiберуге мүмкiндiк бередi.

Абай қара сөздерi мен «Абай жолы» арасындағы байланыстарды анықтау үшiн эпопеяда байқалған мазмұндық сәйкестiк пен өзгешелiктердi салыстыра қарастырғанда  біраз жайлар айқындалады. Қаламгер романда қарасөздерi қаз қалпында да, мазмұн мен мағына, ой әуендерiн сақтай өзгерте де колданылады. Әр әрекеттің астарынан ұлы жазушының көркем мазмұнға артатын алуан түрлі ой, тұспалдары байқалады. Қара сөздер — ұлы гуманистiң болмыс пен тiршiлiк, табиғат пен адам өмiрі, қоғам мен заман, сенім мен сезік, дін туралы философиялық ойлары мен толғаныстарының нәтижесi. Бұл шығармаларды ұлы ақын белгiлi бiр жанр қалыптарын сақтамай, толғаныс, тебіреністерінің үндестігін көздемей, тақырыптарды топтастырмай еркiн жазған. Сонықтан да қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы әр зерттеушi одан өзiне қажет мәндi белгiлердi, ойларды тауып жатады. Толығырақ »

Қ. Мәдібаева. АБАЙ ӨЛЕҢІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Абай өлеңі — ақындықтың алуан құбылған мінезі. Сырғыған нұрдан сыр аулап кеудеге қуаныш жайылған сәт. Тылсымға қамалып, тығырыққа тіреліп, болымсызға болдырып отырған шарасыз күй.

Жан жанып, жанарда күн ойнап қайтадан тірілген құштарлық…

Абай жырының өлмейтін өлең мәніндегі құпиясының бірі оның құрылымында. Сол негізде Абайдың өлең құрылысын зерттеу қашан да мәнді.

Кейінгі кезеңде Абай ақындығы, Абай дүниетанымы, Абайдың өмірбаяны, Абайдың әдеби мұрасының зерттелу тарихы тұрғысында елеулі жаңа ғылыми бағыттар айқындала түсіп отыр. Өскен, озған жұрттардың өнегесінде Абайдың ақындық әлеміне біз де түбегейлі бас қою мүмкіндігіне ие болдық. Тарих қазақтың тағдырын сан мәрте талқыға салған тұстарда тұтас танымға тарту мүмкін болмаған Абай ақындығы айналасына барып тірелетін тарихи-әлеуметтік негіздер, көркемдік заңдылықтардың дәстүрлі, жаңашылдық бағыттар аясындағы өрісі қазіргі кезеңде тағы бір саралаудан өтіп, тың пайымдаулармен тұғырлана түсуі – абайтанудың қазіргі кезеңдегі ғылыми нәтижелері әрі келешек зерттеу бағдарлары. Абай ақындығын осы тұрғыда ХІХ ғасырдағы қазақ өлеңінің түрі мен тегі туралы тұғырлы тұтас таным аясында жүйелі ғылыми негізде бағалап, саралаудың өзіндік мәні бар. Толығырақ »

С.Сейфуллин.ИБРАҺИМ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ (АБАЙ) (1845 -1904 ж.ж.)

АҚЫННЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

  Абай — Арғын Тобықты руынан, 1845 жылы Шыңғыс тауында туды. Абайдың шын аты — Ибраһим. Қазак әдеті бойынша шешесінің еркелетіп қойған Абай атын толық атап кеткендіктен, біз де Абай дейміз.

Абайдың әке тұқымы — Тобықтыға басшы би болған, бай жуан ата. Үлкен атасы Ырғызбай да әрі батыр, әрі жуан би болып елді аузына қаратып өткен кісі. Осы Шыңғыс тауы қонысқа лайық, малға жайлы жер деп орын қылған кісі.

Онан соңғы атасы Өскенбай би, Абайдың өз әкесі Құнанбай — жұртты аузына қаратқан, ел билеген ақсүйек байлар табынын өз елінде көсемі болған азулы би байы. Өз тұсында қазақ арасында мұсылмандықты жайып, дін, шариғаттың орнауына мықты еңбек сіңірген діншіл кісі болған. Заманында өз табы — (өзі үшін) діннің мықты құрал екендігіне мықтап түсініп, ел арасына діннің тамырлап, тарауына арнап еңбек сіңірген. Құнанбай, өзге жұрт баласын орыстан кашырып тығып жүргенде, өз баласын орыс мектебіне беріп, орысша оқытқан. Толығырақ »

М. Дулатов. ИБРАҺИМ ИБН ҚҰНАНБАЕВ

«Уақыттың» 322-санында Россияның ең атақты ақындарының бірі Лермонтовтың М.М. әпендінің аударуымен
«Жалғыздықта» деген өлеңі жарияланған еді. Осы өлеңді көрген соң, оқушыларымыздың құрметті Ибраһим Құнанбаевтың
Лермонтовқа іңкәр болып, орыс әдебиетінің гүл шоқтарын өз тілінде сайратқаны екінші бір жағынан адамның ойына оралады. Толығырақ »

І.Жансүгіров. АБАЙДЫҢ СӨЗ ӨРНЕГІ

Абайдың алдындағы казақ әдебиетінің үлгісі — батырлардың жырлары, билердің, шешендердің сөздері, жыраулардың толғауы, ақындардың айтысы, араб-парсының ескі қисса, ертегілеріел әдебиетінің түрлері еді. Абайдан бұрынғы заман әдебиеті — сол ескі жұртшылықтың заман бетінен торыққандығынан туған әдебиет еді. Абай, негізінде, осы жұртшылықпен қайнасып, осы әдебиетпен аяқтасып жаткан ақын. Бірақ Абайдың басына біткен қайшылык Абайды ескі заманға күйіндіре отырып, жаңаның бағытына жырлаттырады. Толығырақ »

К.Жанатайұлы. АБАЙ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК

Ел ішінің ақы алысып, ақы берісіп жатқан сиезі еді. Мұны өткізуге Семейден Лосевский деген уйез келіп еді. Сол бір ісімді жақтырмай, мені ел кісілерінің ортасында тұрғанымда стражниктерін (атарман) жіберіп, жазалмақшы болды. Әлгілер ерікке қоймай әкетіп бара жатқан соң, қасымда еріп жүретін өлеңші жігітім бар еді, солардың біреуінен Абайға бір ауыз өлеңмен сәлем айтып жібердім. Ол кезде ән салып, өлең айтатұғын, қасымдағы жолдастарым да сондайды әдет қылатын. Толығырақ »

К.Ысқақұлы. АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ

23 июньде, 1904-ші жылында, туған жері Шыңғыс тауында дүниеден қайтты атақты қазақ ақыны, Шыңғыс елінің қазағы  Абай Құнанбай ұлы. Кітапша шын аты — Ибраһим. Бірақ қазақ әдеті бойынша, шешесінің еркелетіп қойған Абай атын халық атап кеткендіктен біз де Абай дейміз.

Абайдың әке тұқымы Тобықтыға басшы болған, би болған белгілі атасынан еді. Үлкен атасы Ырғызбай 1750-інші жыл шамасында Ырғыз деген өзенде туған екен. Халқының қолбасы батыры һәм биі екен. Тобықтының аз уақытында Түркістан жағынан елін бастап ауып келіп, осы Шыңғыс тауы мал бағуға аса жарамды жер деп орын қылыпты.

Онан соңғы атасы Өскенбай би, халық ортасында әділ би атанып, бөтен алыс елдің адамдары да орталарындағы үлкен дауларына сол кісіні іздеп келіп, жүгініп, билік айтқызып, бітіп қайтады екен. Толығырақ »

Н. Ә. Назарбаев. АБАЙ ТУРАЛЫ СӨЗ

N.A.NAZARBAEV

Н.Ә. Назарбаев

Абайдың 150 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте, 1995 жылғы тамыздың 9-да жасаған баяндамасы

Ардақты отандастар! Қадірлі меймандар!
Бүгін — ұлы мереке. Халқымыз ең аяулы перзенті мен ең дана ұстазына мәңгі өшпес махаббатын білдіруге жиылып отыр. Оның дүниеге келгеніне әр он жыл толған сайын осылай бас қосып, өткеніміз бен кеткенімізді, жеткеніміз бен жетпегенімізді бір сарапқа салып алу әлдеқашан әдетімізге айналған. Соның әрқайсысында Абайдың аты жаңаша асқақтап, халқымыздың мәртебе-мерейі жаңа биікке көтерілумен келеді. Бір кезде абзал ақынымыздың асыл мұрасының таптық идеология табанында тапталып қалмай, жаңа ұрпақтармен бірге жасайтын мәңгілік құбылысқа айналғанына куандық. Сосын онын қадір-касиетінің өз аумағымызбен шектеліп қана қоймай, іргелес халықтар мен елге де кеңінен танымал бола бастағанына масаттанып, марқайдық. Ал бұл жолғы сүйінішіміздің жөні тіпті бөлек. Ол үшін бір-бірімізді куана құттықтап, бір-бірімізден шүйліге сүйінші сұрасақ та, ешкандай ерсілігі болмас еді. Толығырақ »

М. Әуезов. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің кұлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам-шырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал ол біз үшін жұмбақ па?
Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ әдебиетінің шам-шырағы ретінде қабылдаймыз. Социалистік ұлы Отанның өзара ортақ идеяларымен, күресімен, жеңістерімен туысып кеткен халықтары Абайды қастерлеп еске алады. Толығырақ »