Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  

Басты бет

Ә. Тарақов. ГЕТЕ – ЛЕРМОНТОВ – АБАЙ: ОЙ МЕН СЕЗІМ ҮНДЕСТІГІ

images-(3)

Ә. Тарақов

Гетенің «Ночная песнь странника» – «Жолаушының түнгі жыры» 1780 жылы 7 қыркүйекте түнде Ильменау маңайындағы Кихельхан тауының басындағы ағаш үй қабырғасына қарындашпен жазылған. Толығырақ »

М. Қожақанова. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӨРІСІ

Абайдың шығармашылық мұрасын тұтас-тай алғанда да, жеке бір туындысын бөліп алып қарағанда да мазмұн мен мағынаның, мәннің байлығы мен тереңдігі ерекше байқалады. Негізінде Абайдың әр сөзінде бай мазмұн бар, мазмұнның түрлі мағынасы бар, одан келіп шыға-тын поэтикалық мән бар. Олардың әрқайсысының мәнісін тану, қабылдау оңай емес. Абайдың әр шығармасының, ақынның өзі айтқандай, «сырты күміс, іші алтын» болып келеді. Басқаша айтсақ, ақын шығармасының пішіні келісті болғанда, мазмұны одан асып түседі. Сондықтан Абайдың шығармасының мазмұны мен мағынасын, мәнін ұғу, түсіну өте қиын. Белгілі бір түсінігі, білім деңгейі жоқ кісі Абайдың сөзін де, ойын да тиісті деңгейде түсіне алмайды. Біздің бұл айтып отырғанымыз Абайды қазақ тілінде оқитын оқырмандардың қайбір тобына қатысты. Ал Абайды қазақ тілінде оқи алмайтындардың Абай туралы түсінігі, Абайдың ақындығы туралы ұғымы мүлде басқаша болуы мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде, Абайдың көркемдік әлемін түсіну, оны қабылдау өз алдына зерттеу нысаны болуға лайықты, іргелі ғылыми мәселелердің бірі болып табылады. Толығырақ »

А. Көпбасарова. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУЫ

Аудармашы түпнұсқаның мазмұнын, піші-нін саралап білумен бірге оның тууына негіз болған өмір құбылыстарының сипатын да жете тануы қажет. Ақынға, ақынның белгілі өлеңінің тууына негіз болған өмір құбылыстарының тобын танып, таразылай отырып, ақынның ойлау, сезіну даралығын, оның шығармашылық тұрғысы мен нысанасын түсінгенде ғана аудармашының еңбегі шығармашылық дәреже-ге көтеріліп, поэтикалық қасиет иелене алады. Толығырақ »

Е.Ысмайылұлы, З.Шашкин. АБАЙДЫҢ ПОЭТИКАСЫ

ӨЛЕҢ ӨРНЕКТЕРІ

Абай — қазақ поэзиясының сөзсіз бір биік асқар белі. Қазақ поэзиясына тұйықтан жарып шын мәнді поэзияның  тұңғыш есігін ашты.  Әдебиет тарихымызда  поэзияның айқын жолдарын салды. Ол жол қазіргі әдебиетімізде де сайрап жатыр. Толығырақ »

Абдрахман САҒДИ. АБАЙ

Атақты қазақ ақыны Абайдың өлеңдері қазіргі уақытқа шейін үш рет бастырылып таратылған:

1-баспасы 1909 жылы Петроградта «Шарх баспаханасында» басылған;

2-баспасы 1922 жылы Қазанда Татарстан Республикасының баспаханасында бастырылған;

3-баспасы 1922 жылы Ташкентте бастырылған.

1-Баспасы ескі, емлесі ескі, ескі болғанда өте орасан. Баспа реті жөнсіз. Көп сөздері қисынсыз қате басылған, оқушы айыра алмастай жерлері көп болған екен. Қазанда бастырылған 2-баспасындағы қателер Мұхтар Әуезовтің жәрдемімен түзетіліп бастырылған екен. Бұл екінші баспасы Бернияз жолдастың даярлауымен бастырылған көрінеді. Екінші баспасының үлкендігі 207 бет. Толығырақ »

Сәбит Мұқанов. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

Бұл монографиялық еңбегімді 1945 жылы жазып бітірген ем. Сол жылы қазақ халқының ардақты ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 100 жыл толуына жұртшылық зор қуанышпен тойлаған болатын.

Ақындық шеберлігі баршамызға үлгі болған Абайды терең білу, оның мұрасын меңгеру ісін  мен өзіме кезекті міндет тапқандықтан, көлемді еңбек жазумен щұғылданып жүретінмін. Абай творчествосының халықтық мәнін ашып, оның өлең өрнегі мен кестесіне ой жүгірткен еңбегім ақынның 100 жылдық мерекесіне бағышталып шыққан жинағына кіріспе сөз болған. Алайда Абай жайындағы бұл еңбегім түгелдей жарияланбаған еді. Толығымен көшіріп алу

М.Әуезов. АБАЙДЫҢ ӨМІРБАЯНЫ (1950)

 Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған тобықты руының ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі — Құнанбай, атасы — Өскембай, арғы атасы — Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар. Ақынның бұлардан арғы аталары Айдос, Олжай болады. Олжайдың үш ұлы: Айдос, Қайдос, Жігітек. Тобықтының атақты  жуан биі Кеңгірбай — осы Жігітектің баласы, Қайдостан Бөкенші, Борсақ тарайды. Толығымен көшіріп алу

Таңдамалы даналық сөздері

▪Адал жүріп, адал тұр.

▪Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.

▪Адам баласына адам баласының бәрі — дос. Толығырақ »

Т. Кәкішев. АБАЙТАНУ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

OP_Kakishuli

Т. Кәкішев

Әдеби мұраны игеру мәселесін әңгімелеген уақытта оны тек ауыз әдебиеті үлгілерімен ғана шектеп қоюға болмайды. Өйткені ол жалпы әдеби мұраның мәнді бір саласы ғана. Біздің ғылыми-сыншылық ойымыздың өркендеу барысында жеке ақын-жазушылардың, тарихта аты қалған дарындардың творчествосына назар көп аударылды.

Әдеби мұраның екінші бір мәнді тармағы — жеке дарындар творчествосы жөнінде айтылған пікірлерді, әрбір ақын-жазушы жайындағы еңбектер мен мақалаларды тізе берудің, кімнің не айтқанын келтіре берудің ғылыми жөн-жосығы болмайтынын ескеріп, сыни-ғылыми ойдың эволюциясын Абай творчествосы төңірегінен көрсеткен абзал. Толығырақ »

Ж. Дәдебаев. АБАЙ АДАМ МЕН ЗАМАН ТУРАЛЫ

555

Ж. Дәдебаев

Абайдың заманында елдің билігі жаттың қолында болды. Жат жарылқамады. Жамандық көрсе, оны қолымен де, сөзімен де, жүрегімен де түземеді. Билеуші де, билеу жүйесі де қазақ қоғамының дәстүрлі мәдениетіне жат бағытты ұстанды, елді бірлік пен ынтымаққа, жақсылық пен ізгілікке ұйытпай, жамандыққа, надандыққа, жаулыққа жол ашты. Қу мен сұм белең алды. Ар ойлайтын адам азайып, пайда ойлайтын сабырсыз, арсыз, көрсе қызар, жалмауыз жандар шықты. Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек бұлардың ажарын ашатын айрықша көрікке айналды. Алашқа сыртынан күліп, ішінде жаулық сақтады, жақынын тіріде аңдып, өлсе өкіріп жылайтын әдет тапты. Терін сатпай, телміріп көзін сатып, теп-тегіс аларман болды. Ұрлықпен мал табатын, егессе, ауыл шабатын құдай атқандар, бойы бұлғаңдар, сөзі жылмаңдар, басында ми жоқ, өзінде ой жоқ, күлкішіл кердең надандар қатар түзеді. Толығырақ »