Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  

Басты бет

Б. Кенжебаев. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ СОҢҒЫ БАСЫЛУЫ ТУРАЛЫ

Абай шығармаларының соңғы баспасы 1954 жылы, ұлы ақынның қайтыс болғанына елу жыл толуына байланысты екі  том болып шықты. Оны Қазақ ССР ғылыми академиясының Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкерлері (З. Ахметов, И. Дүйсенбаев, Ғ. Әбетов) баспаға әзірлеген. Абай шығармаларының алғашқы(әсіресе 1909, 1933 жылдардағы) баспаларын жеке адамдар басқарды және олар арап, латын әріптерімен басылды, советтік әдебиет ғылымы, соның ішінде Абайды зерттеу ғылымы әлі жетілмеген, жасалмаған кезде шықты. Толығырақ »

Б. Кенжебаев. АБАЙ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР

Луначарский: «Әр бір данышпан адам, сөз жоқ, қандай да болсын бір әлеуметтік ұлы өзгерістің, әлеуметтік ұлы ілгерілеудің нәтижесі, жемісі», — дейді. Олай болса ақын Абайды туғызған қандай әлеуметтік өзгеріс, қандай әлеуметтік ұлы ілгерілеу? Толығырақ »

Х.Сүйіншәлиев. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

(1845-1904)

Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев — өз ұлтының реалистік гуманистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақын. Ол халқының болашағы үшін жан аямай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді. Белгілі бір тарихи кезеңнің алға қойған сұрауына жауап беріп, елінің әдебиет көшін зор мақсатқа меңзеді. Толығырақ »

М.Әуезов. АБАЙДЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-МӘДЕНИ ІЗДЕНУЛЕРІ

  Бақпен асқан патшадан

                                                                          Мимен асқан қара артық.

                                                                          Сақалын сатқан кәріден

                                                                          Еңбегін сатқан бала артық.

                                                          Абай

Сыншыл ойға көз сүзіп, бас иген, дінге сынның тұрғысымен қараған, халқының мәдениеті жолында аянбай күрескен жалынды қайраткер, пысық, дүниеқор, мансапқор, алаяқ феодал ақсақалдардың ішінде серік таппай күйінген Абай қазақ елінің көлемінде ғана емес, сонымен бірге қазақ елімен іргелес жатқан шығыс елдерінің көлемінде де заманынан оза туған дана кісі болды. Толығырақ »

З.Қабдолов. АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҒЫ

Абай өзінің бір өлеңінде («Өлсем, орным қара жер…») былай деді:

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

  Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Осы екі жолда ақын өмірінің ащы шындығы жатыр. Толығырақ »

Т. Қожакеев. АБАЙ — САТИРИК

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Россияға түгелдей қосылып, қоғамдық дамудың жаңа жолына түсті. Қазақ елінің экономикалық, рухани өмірінде елеулі өзгерістер, бет бұрыстар жасалды. Россияның озат әдебиеті мен мәдениетінің ықпал-әсері сахараға терең тарап, кең құлаш жая бастады. Толығырақ »

Қ.Жұбанов. АБАЙ — ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ

(Абай туралы кітапшаның үзіндісі)

 Сонда жауап бере алман мен бишара!

    Сіздерге еркін тиер байқап қара!

Абай.

1.     Еленбеген ерекшелік

Қазақ әдебиетінің тарихындағы Абайдың ұстайтын орнын босағаға қарай ысырмалаушылар, оған да місе тұтпай, табалдырықтан шығарып тастаушылар, менің байқауымша, даусыз бір моментті ескермей жүр; ол — өз тұсында, жалғыз қазақ қана емес, басқа көршілес елдерден де Абайдың әдебиеттегі үздіктігі. Толығырақ »

А. Машанов. ҰЛЫ ҰСТАЗ АБАЙ

Қәзір Абай қазақ халқының ұлы ұстазы десек артық айтпағанымыз. Біздер ес біліп, әріп тани бастаған кезімізде 1915 жылдары қазақтың екі адамының атын білдік. Оның бірі Ыбырай Балғожаұлы Алтынсарин, екіншіci — Абай Құнанбайұлы. Біріншісінің хрестоматиясы қолымызда болды, екіншісінің өлеңін жатқа айтатынбыз. Толығырақ »

А.Жұбанов . АБАЙ

Абай Құнанбаев Тобықты руынан – қазақ ақындарының ірісі, қазақтың жазба әдебиетінің ірге тасын қалаушы, 1845 жылы туып, 1904 жылы 59 жасында қайтыс болған. Білімі, шынында, өз бетімен ғана алынған, қазақ мектебінде төрт-ақ ай оқыған (орысша оқытатын мектеп.А.Ж.), ал орысша түсінуді, сөйлеуді ол Семей губерниясына ауып келіп, қазақтың аса дарынды далада жатқан сом алтындай, адамды өзіне еріксіз тартатын адамын біліп, сүйіп кеткен өзінің народовольцтері – достары арқылы үйренді. Толығырақ »

Н.Ғабдуллин. АБАЙ СӨЗДІ БҰЛАЙ САПТАМАСА КЕРЕК

(Абайдың И.А.Крыловтан аударған мысалдары турасында)

Абайдың өмірі мен творчествосын ұзақ жылдар бойында жан-жақты, терең зерттеген Мұхтар Әуезов ұлы ақынның И.А.Крыловтан аударған шығармаларын талдай келіп, мынадай тұжырым жасайды: «Мен өзімнің бала күнімнен білетін, ескі қолжазбаларды еске алғанымда, Абайдың Крыловтан жасаған аудармаларын төрт-бестен артық деп айта алмаймын. Олары: 1. «Есек пен бұлбұл»; 2. «Бүркіт пен қарға»; 3. «Шегіртке мен құмырсқа»; 4. «Түлкі мен қарға»; 5. «Піл мен қанден» (М.Әуезов. Әр жылдар ойлары. А, 1959, І66-бет). Толығырақ »