Басты бет
Көпжасар Нәрібаев. АБАЙ — ТҰТАС БІР ӘЛЕМ
(Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл)
Әдебиет пен өнердің әрбір ірі өкілінің өзі – тұтас бір дүние – әлем деуге лайықты үлкен құбылыс. Ал әрбір ірі суреткердің шығармашылық мұрасы адамзат баласының өткені туралы өкінішіне, алдағысы туралы үмітіне толы боп келетіні белгілі. Абай және оның шығармашылық мұрасы жайлы да осыны айту орынды. Қазақтың ұлы Абай Құнанбайұлының өзін де, оның әдеби мұрасын да арғы-бергі дәуірдің баршасының, оның ішінде бүгінгі кезеңнің де көкейкесті мәселелері тұғыр-тұрғысы аясында ғана дұрыс тануға, жете ұғуға болады. Толығырақ »
Ауданбек Көбесов. ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫ ҚАТАР ОҚЫҒАНДА
ШЫҒЫС ҒҰЛАМАЛАРЫ ЖӘНЕ АБАЙ
Данышпан Абайдың шалқар теңіздей ақындығының қайнар көздері жайлы аз айтылып, кем жазылып жүрген жоқ. Алайда оның ақын ғана емес, терең ойшыл-философ, білгір ғұлама болғаны белгілі. Ал ұлы ақынның бұл саладағы бастапқы нәр алған сусындаған бұлақ-бастаулары жөнінде, біздіңше, жетерліктей әңгіме, айрықша зерттеу болмаған сияқты. Толығырақ »
Сауытбек АБДРАХМАНОВ. САРЫНДАСТЫҚ САЛТАНАТЫ
(Абайдың аудармашылық алыптығы)
Әуелде бұл мақаланы 10 тамызда, ұлы Абайдың туған күніне орайластырыла жариялау ойластырылған еді. Сол тұста қызып жатқан сайлау сайысы кезінде заңды құрмет тұтатын, салиқалы басылым ретінде біз үміткерлер туралы мақалаларды былай қойғанда, үміткерлердің өздерінің мақалаларынан да тартына тұрған жөн деп шештік. Жақында ол мәселенің басы ашылды. “Нұр Отанның” жарқын жеңісінен кейін депутаттар тізімін түзетін тұста Елбасымыз қазіргі қызметін жалғастырғаны керегірек деп тапқан азаматтардың арасында болғанымызға разылығымызды білдіреміз. Толығырақ »
Тұрсын Жұртбай. ҚАРАКӨК
«Қартайған адам – қашан да король Лир сияқты». Гете
Құнанбайдың аузына сөз, қолына билік тиген тұс – көшпелілер дәуірінің кемеліне келіп, шарасына тола лықсыған, яғни, феодализм – қоғамдық формация ретіндегі даму шегіне жеткен, енді диалектиканың заңы бойынша тоқырауы басталған шағы еді. Әуелі де аз билікті малданған Құнанбай жігіт ағасы атанған шақта заман тұтқасының қолынан сусып шығып бара жатқанын, көшпелілердің сан ғасырдан бергі қалыптасқан дәстүр-заңының ықпалы азайғанын, тіпті, толықсыған толқынның деңгейі күрт төмендеп бара жатқанын аңғарып, жанталаса жағадағы кәрі тамырға жабысты. Сол би мен бектің мүддесі үшін қиянатқа да барды, тізе де батырды. Толығырақ »
Бейсембай Кенжебаев. АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ
Абай қазақтың феодал табынан шықты: оның өз әкесі Құнанбай, арғы аталары Ырғызбай, Өскенбай — ірі бай, феодал, әйгілі би, сұлтан болған, ел ішінде үстемдік жүргізген, феодализмнің барлық уытын жайған адамдар. Солай бола тұрса да, дарынды Абай өзі шыққан таптың сөзін сөйлемеді, еңбекші таптың сөзін сөйледі, халықтың мүддесін қорғады. Атаның ұлы болмады, адамның ұлы болды.
Қара сөздерінің бірінде Абай: «Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойландым», — дейді. Өзінің бай-жуандардан, би-болыстардан жерігенін айта келіп, Абай әлгі ойына өзі былай жауап береді: «Енді, әлбетте, момындығынан: «ырыс баққан дау бақпас» деген мақалмен болам деп, бергенімен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштықпен баға алмай, өзі залым, қуларға жеміт болып жүрген момын шаруаны аямасаң, соның тілеуін тілемесең болмайды, сонан басқаны таба алмадым», — дейді (22-қара сөзінен). Толығырақ »
Мұхтар Әуезов. АБАЙ АҚЫНДЫҒЫНЫҢ АЙНАЛАСЫ
Бұл мақалада біз Абай ақындығы туралы ертеді кеш айтылып жүрген әр түрлі сөздерді, әр алуан жайлардың көбіне соқпаймыз. Бұл көп тексеріліп, зерттелмеген, сонылау бір саланы ғана сөз қылмақпыз. Ол — Абай ақындығының, Абай шығармаларының айналасы. Ақын өзі көріп, сезіп, өзі ойлап қорытқан өмір материалынан басқа басқа әдебиет дүниесінен де бұйым алады. Абайдан қалған мұраның ішінде көп оқушыға даусыз боп, айқын сезілетін сыртқы әдебиеттер белгілері бар. Ол — Шығыс әдебиеттері мен Батыс әдебиетінен қосылған белгілер. Екінші, бұдан бөлек, ақынның өз тұлғасы сияқты боп қалыптанған барлық әдеби мұраларынан бұтақша таралып өсіп, жырыла шыққан тұмалар бар — әдебиет тұмалары. Толығырақ »
Қалижан Бекқожин. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ
Ақын Абай совет халықтарының өткендегі әдебиет данышпандарының бірі.Оның есімі кешегі Пушкин, Лермонтов, Щевченко, Руставели, Низами, Новаи сияқты ұлы ақындардың есімімен қатар түседі,оның шығармаларының әлеуметттік,көркемдік қуатының маңызы зор.
Абай біздің халқымыздың мақтанышы,оның бізге қалдырған мұрасы социалистік мәдениеттің игілігі. Оның көркем шығармалары әрі әсерлі, әрі терең мазмұнды, пікір сергіту азығы, әрі тәрбиесі — осы қасиеттері арқылы да біздің заманымызға Абай шығармалары қызмет етеді. Оның ақындық құсы мәңгі ұмытылмайды. Толығырақ »
Cерік Қирабаев. АБАЙ — ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ
Адам баласының бәріне ортак дүниежүзілік мәдениет әрбір халықтың алдыңғы қатарлы ой-пікірлерінен, ұлы ақындар мен ойшылдардың творчестволық байлығынан құралатыны белгілі. Ұлылар өз халқының рухани мәдениетін бүкіл дүниежүзілік озық үлгілерімен табыстырып, оған өз ұлтының өзіне ғана тән ерекшеліктерін, ой-пікір байлығын, сөз өнерінің үлгісін қосады. Абай — қазақ халқының осы топқа қосқан ұлы ақыны, классигі. Оның мазмұны жағынан аса терең, гуманистік-философиялық ой-толғамдарға бай, адамдықты ардақтап, оның рухын биікке көтерген оптимизмге толы жарқын творчествосы кешегіні бүгінгіге жалғастырған алтын көпір сияқты өзінің туған халқын, сол арқылы өзі бауыр тұтқан адам баласының бәріне ерекше қызмет етіп келеді. Ол біздің халықтың ұлттық оянуына, сана-сезімінің көтерілуіне, әдебиеті мен мәдениетін жаңа сапада қалыптастыруға, қазақтың әдеби тілін орнықтыруға барынша мол еңбек сіңірді. Сондықтан біз оның ұлт мәдениетіндегі орнын өзі тектес ұлылармен ғана салыстыра қараймыз. Әсіресе, біздің аузымызға ақынның өзі ұстаз тұтқан, шығармаларынан көп тәлім алып, аударған Пушкин түседі. Толығырақ »
Мекемтес Мырзахметов. АБАЙ ӨМІРБАЯНЫ — АБАЙТАНУДЫҢ ІРГЕЛІ САЛАСЫ
Қазақ әдебиетінің теңдесі жоқ ұлы классигі Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өмірбаянын толығырақ білу тілегі мен қажеттілігі ойшыл ақын қайтыс болған соң-ак, көп ұзамай қолға алынды. Жалпы қазақ ақындарының арасында тұңғыш рет Абайға ғана баспасөзде арнайы өмірбаяндық деректер беріле бастады.
Бұл салада Абайдың тұңғыш биографы — Қәкітай Ысқақұлы. Қәкітай ұлы ақынның немере інісі болуы себепті 12 жасынан бастап тікелей Абай тәрбиесінде өсті. Ес біліп есейген шағынан бастап Абай өмір сүрген ортаның сыры мен қырын танып, ақын өмірінде орын алған елеулі оқиғалардың бәріне де тікелей араласты. Қөптеген Абай шығармаларының дүниеге келу сыры мен жазылу себептерін де өз ортасында кімнен болса да анағұрлым жетік білді. Абай өлеңдерінің қай жылы жазылғанын анықтау жолында да көп еңбек сіңірді. Толығырақ »
Бақыт Ғабдуллин. АБАЙ ЖӘНЕ СОКРАТ
Абай творчествосының қалыптасуына, өсуіне, жетілуіне үш мәдениет өріс, түркін, негіз болғанын, атап айтқанда, біріншісі — қазақ халқының көптеген ғасырлар бойы баспасы жоқтығына қарамастан, халық жадында, санасында сақтап келген рухани мәдениеті (ғажайып ертегілер, лирикалық және қаһармандық эпостар, әдет-ғұрыптар туралы жырлар, шешендік сөздер, халық композиторлары мен ақындарының, сал-серілерінің, т. б. мұралары); екіншісі — Шығыс халықтарының, әсіресе, араб, парсы, түрік тілдес — азербайжан, өзбек, қырғыз, татар, т.б. елдердің; үшіншісі — орыс халқының және сол арқылы Европа мәдениеті екенін М. О. Әуезов дәлелеп берді. Толығырақ »








