Басты бет
Бақытжан Майтанов. АБАЙ ЖӘНЕ УАҚЫТ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Б. Майтанов
Уақыт пен кеңістік ұғымының ауқымы шексіз. Екеуі − Сиам егізіндей ажырымайтын субстанциялар. Оларды қайсыбір сәттерде ғана шартты түрде арнайы қарастыруға болады. Алайда тамырлас арналар алшақтап кете алмайды.
Көркем әдебиет – уақыт пен кеңістіктің шағын моделі. Оны дүниеге әкелу үшін де мекеншақ (хронотоп) өлшемі керек, оның мазмұндық құрылымы да әр алуан мекеншақ қатынастарына негізделмек. Шығарманы қабылдау кезеңдері де мекеншақ ерекше-ліктерімен сабақтас. Тегі, уақыт және ке-ңістіктің перцептуалдық бейнесін әдебиет мекеншақ тағандарына табан тіреп тұрып сомдайды. Толығырақ »
Хайыржан Бекхожин. АБАЙ және «ДАЛА УАЛАЯТЫ»
Ұлы орыс халқының демократияшыл интеллигенциясының игі идеяларымен тәрбиеленген Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай сынды қазақтың алғашқы ағартушы-жазушылары XIX ғасырдың екінші жартысында жазба ұлт әдебиетінің негізін салды.
Қазақ ақындары мен жазушылары өздерінің шығармаларын Қазан, Петербург және басқа қалаларда бастырып шығарып тұрды. Мысалы, 1862 жылдан 1900 жылға дейін 80-нен аса қазақша кітап басылып шықты.
Халықтың санасын ояту үшін баспасөздің таптырмайтын күшті құрал екендігін ұғынған қазақ оқығандары өткен ғасырдың 90 жылдарында қазақтың өз тілінде күнделікті баспасөз (газет пен журнал) шығарып тұру туралы мәселе көтерді. 1905 жыл қарсаңындағы Россиядағы революцияшыл жалпы қозғалысқа қазақ халқы да үлес қосты. Толығырақ »
Мұратбек БӨЖЕЕВ. «ЕВГЕНИЙ ОНЕГИН» АБАЙ АУДАРМАСЫНДА
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың толып жатқан аударма еңбектері бары көпшілікке мәлім. Абай басқа халықтардың ақындары шығармаларын қалай аударды, оларды өзінің ақындық ісіне қалай пайдаланды, бұл жөнінде Абай қандай тәртіп қолданды? Ол тек қана аудармашы ма? Болмаса өзіне тән өзгешелігі бар ма? Бұл — әлі толық шешілмеген, Абай шығармаларының терең мағыналарын толығырақ түсіну үшін маңызы зор, қадағалап зерттеп, пікір айтуды керек ететін мәселе.
Абай басқа ақындардың сөздерін бұлжытпай аударуға өте шебер, бірақ ол аударған шығармаларды сөзбе-сөз тәржімалауды үнемі құнттап отырмайды. Ақынның аудармалары көбінесе еркін аударма, кейде аударма деп жүрген өлеңдерді аударма деп айту да қиын. Абайдың бір езгешелігі — бір өлеңді тәптіштеп аударып жатудан гөрі сол өлеңнің сюжеті, тақырыбы сарындарын ғана пайдалануды көбірек құнттайды. Абай бұл жөнінде тек аудармашы ғана емес, ол — басқа ақын-жазушылардың шығармаларынан ғибрат алушы, өз ақындық өзгешелігіне қарай өзге ақын үлгісінен пайдаланушы. Ақын өзге ақынның керекті шығармаларын аударғанда, өз ақындығына үнемі үйлестіре отырады. Толығырақ »
Темірғали Нұртазин. АБАЙ ЖӘНЕ ӘДЕБИ ЖАСТАР
«Ғасырлап жасасаң, ғасырлап үйрен!» деген орыс мақалында даналық терең мән бар. Үйренбейтін жан жоқ. Озық жазушылар да, өрен ғалымдар да өмірін тынымсыз үйренуде өткізеді. Өйткені өмір шексіз мұхиттай болса, білгірдің білгірінің бар аңдап парықтағаны тамшыдай ғана.
Сондықтан жас қалам қайраткерлерінің үлгілі ақын, жазушылардан, алдымен Абайдан үйренуге талпынуы заңды нәрсе.
Үйрену қайткенде жемісті болмақ?
Үйренушінің ұстазынан асып түсуі ықтимал, бірақ ұстазынан аумай ұқсауы мүмкін емес. Заманы басқа Абайды былай қойып, бір тойға қатысқан екі ақын түрлі қуанады. Соған орайлас дәл сол тойға арналған шығармалары да екі түрлі болмақ. Толығырақ »
Төлеген ТӘЖІБАЕВ. Абайдың психологиялық көзқарастары
Қазақ халқының XIX-ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген данышпан ақыны Абай ол кезде правосыздықта, езушілікте болған, бірақ бостандық сүйгіш, талантты өз халқының аңсаған арманы мен үміт-тілегін жан-тәнімен жырлады.
Абай ұлы ағартушы болды, ол ұлы орыс халқының прогресшіл мәдениетін үлгі етіп ала отырып, өз халқын ағарту ісіне, ғылым мен мәдениетке қажымай-талмай үгіттеді.
Қазақ халқын мәдени-экономикалық және саяси жағынан артта қалған, реакцияшыл мұсылмандық шығысқа бағыттаған панисламистердің, пантуркистердің және басқа әр түсті ұлтшылдардың тілегіне қарсы, ол өз халқын революцияшыл Россияға, оның сол кездің өзінде-ақ ғылымның, искусство мен әдебиет табыстарының теңдесі жоқ үлгісін дүние жүзіне танытып отырған данышпан өкілдері бар озат мәдениетіне бағыттады. Толығырақ »
Ысқақ ДҮЙСЕНБАЕВ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ
Қазақ әдебиетінің классигі Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың әдеби мұрасын жинау, жариялау, зерттеудің өзіндік күрделі тарихы бар екендігі баршаға аян. Кемеңгер ақынның шығармаларын кепшілікке тарату ісі тек совет жылдарында ғана мықтап қолға алынды, ал оларды зерттеу, тексеру де ғылыми жолға қойылды. Абайдың үлкенді-кішілі жинақтары үздіксіз бірінен соқ бірі жарық көріп жатты. Мәселен, таңдамалы басылымдары 10 рет, ал толық жинақтары да 10 мәртебе жарияланды. Біз қазақ тілінде басылып шыққандарын ға-на сөз етіп отырмыз. Толығырақ »
Герольд БЕЛЬГЕР. АБАЙ МЕН ГЕТЕ
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
Абай
Мен өзімді кейде Абайды түсініп-түйсінетін деңгейге жақындап жүргендей сезінемін. Бұл жерде мәселе әлбетте «мен» есімдігінде емес, «түсініп-түйсінетін» деген тіркесте болып отыр. Толығырақ »
Мұзафар ӘЛІМБАЕВ. АБАЙДЫ ҚАЙТАЛАП ОҚЫҒАНДА
Қазақтың қазіргі бір әдебиетшісі осыдан он бес-жиырма жылдай бұрын кезекті бір мақаласында Абайтану ғылымының аяғына шықтық, ұлы ақынның үлкен мұрасын зерттеу осымен тамамдалды деген сияқты пікір айтты.
Меніңше, ешбір әдеби классик те, еліне тұлға болған ақыл-ой иелері де ешуақытта егжей-тегжей зерттеліп тынбайды. Дүниеге толқын-толқын боп келіп жататын дүйім ұрпақтар ондай ұлы тұлғаларынан өз керегін, — рухани тірегін іздейді, сол үшін зерттейді. Олардың кемеңгерлігінің де, тереңдігінің де, адамгершілік асылдығының да ғажаптығы сонда — әр ұрпақ өзі іздегенін табады. Әйтпесе, ол ұлттық ақыл-ойдың басындағы ұлы көсемі де атанбас еді. Өз дәуіріне ғана, немесе үш-төрт буынға ғана ілесе алуға әзер жарағандар классик те атанбас еді. Гәп осында. Ендеше, Шекспир, Байрон, Гете, Пушкин, Абайлар… әрбір жаңа ұрпақтың алдындағы көш басшысы боп алға тарта береді! Толығырақ »
Ахмеди Ысқақов. АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ
Қазақтың қоғамдық ой-санасының, ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің, сондай-ақ әдеби тілінің даму тарихында Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың алатын орны да, оған сіңірген еңбегі де орасан зор, қосқан үлесі мен көрсеткен үлгісі де аса мол. Осыған орай халқымыздың қоғамдық өмірі мен ой-пікірінің және рухани тіршілігі мен әдебиетінің тарихын бұрынды-соңды зерттеген, солар жөнінде пікір айтқан қалам қайраткерлеріміздің бір де біреуі Абайдың осы салаларға қосқан үлесіне тоқталмай өткен емес. Абайдың қазақ әдебиеті мен әдеби тілін дамыту жолында қалдырған мұрасы үстіміздегі ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап осы уақытқа, дейін үздіксіз зерттелуде. Абайдың әдеби мұрасы қазақ тарихы мен мәдениетінің жалпы мәселелеріне байланысты баспасөз бетін көрген еңбектерде жоғары бағаланып келеді. Ұлы ақынның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, ондағы орны, маңызы туралы, сондай-ақ қазақ әдеби тілін дамыту жолында тұтынған жаңа бағыты, соны жолы жайында, үлгісі мен өнегесі жөнінде ондаған кітаптар, кітапшалар, мақалалар жарияланып, қазақ әдебиеті мен әдеби тілін байыту, жаңарту жолында сіңірген еңбегі аса зор бағаланады. Толығырақ »
Рәбиға Сыздықова. АБАЙ ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Абайдың тілі зерттеліп келді дегенге екі түрлі ұғымды сыйғызуға болады: бірі — ұлы қаламгердің тілі туралы жалпы пікір айту, екіншісі Абай шығармалары тілінің өзін талдап-таныту. Әдетте, жеке жазушының (ақынның) тілі жайындағы әңгіме оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де индивидуалдық ерекшеліктерін талдау болып келеді. Әсіресе поэзия иесінің тілін тану дегенді оның поэтикалық тәсілдерін, ол тәсілдердің тілдегі көрінісін зерттеу деп білу керек. Сонымен қатар Абай сияқты қаламгер тілін структуралық жағынан талдау арқылы қазақ әдеби тілінің белгілі бір кезеңдегі сипатын тануға болады, өйткені Абай — дайын тұрған қалып-нормаларды пайдаланған қатардағы жазушылардың бірі емес, сол тілдің даму барысындағы жаңа кезеңін бастаушы, сапалық жаңа түрінің ірге тасын қалаушы адам. Толығырақ »







