Басты бет
Ислам Жеменей. АБАЙ ЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ
Абай қазақ халқының күйреген саяси жүйесі мен жаңа саяси жүйесі арасына алтын көпір болып қаланды. Көшпелі руханиятын отырықшы руханиятпен сәтті жалғастырды. Шығыстық қымбат қазынасын батыстық өркениетпен ұштастырды. Исламдық таза-лықты кертартпа ұғымдардан аршып алды. Өз тарихының тереңдегі тамырларынан, жаһан-дық ислам дүниетанымынан сусындап, қазақ халқының жарқын келешегіне, ой-санасының оянуына жанған шамшырақ болды. Терең ойларымен қазақ халқы ның тарихи санасының, рухани қазынасының әлемдік деңгейге көтерілуіне мүмкіндік туғызды. Алаш қайраткерлерінің рухани бұлағы бола білді. Толығырақ »
Ерхан Кәрібозов. Абайтану мәселелерінің жаңа заман көзқарасымен зерттелу жайы
(Абай институтының хабаршысында жарияланған материалдар негізінде)
Абайтану мәселесі жылдар бойына зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Қазақ әдебиеті туралы сөз қозғаған зерттеуші, ғалым, ақын, жазушылар сөзінің біссімілләсін Абай шығармашылығынан бастайтыны көзі қарақты оқырман қауымға әбден таныс. Себебі, ғалым Б.Майтанов айтқандай, қазақ терең ойлы, сауатты да алғыр, талантты да шешен ақынға кенде болмаған. Алайда, талғампаз тағдыр сөз өнерінің мұзарт шыңына Абайды ғана көтерді. Абай шығармашылығы туралы революцияға дейінгі жазылған азды-көпті мақалалардан бастап қаншама зерттеу мақалалар, монографиялар, диссертациялар жазылды. Бірақ, Абайдың аса бай шығармашылық мұрасын тауыса талдау мүмкін емес. Өйткені, Абай – бір пайызы ғана көрініп, тоқсан тоғыз пайызы тылсым дүние болып қала беретін ақындық өнердің Айсбергі. Толығырақ »
Амантай ШӘРІП. АБАЙДЫҢ «ЖАЗУЫ» МЕН «АЙТУЫ»: ЖАҢА МЕНТАЛЬДІК ЖОЛЫНДА
Руханияттың ұлы реформаторы Абай Құнанбайұлы қазақ қоғамына соны сападағы, тың тараптағы дүниетанымдық жаңалықтарын енгізіп, ұлт ментальдігінің дәстүрлі де дағдылы сипаттарын қайта таразылайтын түбегейлі төңкеріс жасады. Оның бір қыры ақын мен жұртшылық арасын жалғаған үйреншікті үрдістерге көзқарасынан белгі береді.
Осы орайда Абай өз лирикасында сөз ұғу («Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?»; «Мұндасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық»; «Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық»; «Сөзімді ұғар елім жоқ», т.б.) және сөз тану («Қабыл көрсе сөзімді, Кім таныса, сол алсын»; «Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы»; «Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ»; «Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса») тіркестеріне біршама жүгінеді. Толығырақ »
Рақымжан Тұрысбек. АБАЙ ӘЛЕМІ: ӨНЕРІ МЕН ӨНЕГЕСІ
(Хакім Абайдың «Қарасөздеріндегі» ұлттық мұрат
пен руханият арналары хақында )
Хакім Абай бастапқы тұстан-ақ: «…өз сөзім- өзімдікі», — дегенді анық айтып, келесі кезектегі мақсат-мұраттарын айқындап, осы бағыттағы ұстаным-көзқарастарына мықтап табан тірейді. Көрген-білгенін, танып-түстегенін ақыл-көрігінде қорытып, таразыға салады [1, 270]. Әсіресе, адам-пенденің жаратылысына, табиғатына таңданысын жасыра алмайды. Өмірін, уақытын босқа өткізу, еңбегін-кәсібін бағаламау, білім-ғылым, тәлім-тәрбие ісіне мән бермеу, т.с.с. ақиқатын айтып, бағасын беріп, маңызын ашады. Қысқа ғұмырдың алдамшы, өткіншілігіне де қапа болады. Баянсыз, тұрлаусыз сиқына бас шайқап, іштен тынады. Оның мән-мәнісін былай білдіреді: «…бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айқастық, тартыстық-әурешілдікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық: қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік…» Бұған қоғам, өмір, тұрмыс-тірліктен мың сан дәлел-деректерді тілге тиек етеді. Адам мен оның өміріне, еңбек мұраттарына терең мән береді. Келер күнге — келелі келешекке үміт көзімен қарайды. Толығырақ »
Серік Негимов. «ҚАЙҒЫ ШЫҒАР ІЛІМНЕН…»
Жарық дүниеге, Абайдың пайымдауынша айтсақ, «кейіс дүниеге» келген адамның түбінде жалғанның жалғандығына бір көзі жететіні анық. «Жылап туып, кейіп өлгенше «маңдайыңа жазылғанды басыңнан кешіріп барып, «әурешілікті көре-көре» тіршілік етесің. Қуаныш-ренішін, жұбаныш-жалғандығын, рахат-азабын сезініп, өкініш-үмітпен өміріңді өткізесің. Түптеп келгенде, мәселе онда емес, мәселе: ғұмырыңның қиюы қалай келсе, соған ыңғайланып өзіңше қам-қаракет жасауыңда. «Алыстың, жұлыстың, айтыстың, тартыстың» (Абай). Бәрі де көрген түстей боп кейін қалды. Енді өкін мейлі, өкінбе мейлі, бәрібір қайыра қалпына келмейді. Енді ақылыңа азық боларлық жалғыз-ақ жол бар, ол — сол «кейіс дүниеден» мағына іздеу. Толығырақ »
Зүфар Сейітжанұлы. Абай мен Ақыт
Қандай бір өнер иесі болса да оның үлгі-өнеге алған тәлімдік мектебі болары белгілі. Тамырын тереңге тартып, кемелденуіне ықпал етер бастау-бұлағы болмақ. Ақыт ортасынан оқшау өскен ақын емес, талап-талантының ұшталып-шыңдалуына әсер еткен өнер көздерінің бірі – халықтың ғасырлар бойы жасаған халық әдебиеті мен өзінің алдындағы ақын-жыраулар поэзиясы болса, екіншісі-ұлы ақын Абай болды. Әсіресе Ақыт өмірінің соңғы кездерінде Абайға ереше ден қояды. Өйткені ХХ ғасырдың басын ала Абай мұрасының сымбат-сәні мен терең мәні қазақ еліне ғана тарап қоймай,шекара шебінен асып, ата жұрттан алыстағы ағайындардың да үлгі-өнегесіне айналғанды. Біріншіден, Абай шығармалары қалың қауымға рухани нәр берсе, екіншіден, ақындықты мұрат еткен талапкерлердің адастырмас теомірқазығы болды. Соның бірі – Ақыт Үлімжіұлы. Толығырақ »
Әбділхамит Нарымбетов. «Сегіз аяқ» – Абай поэзиясы көркемдігінің шырқау шыңы
Абай – Қазақ халқының XIX – ғасырдағы кемеңгер ақын Абай шығармаларының идеялық тереңдігі, көркемдік байлығы жөнінде, әрине, бірден-бір дәл, анық, байыпты пікір айтқан – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Ол бір сөзінде:
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!» Толығырақ »
Ықтияр Палтөре. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІНІҢ КЕЙБІРІНЕ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Құран аяттарында: «Алла Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем есімдер Оған тән» [13, Таһа, 8-аят], «Ол сондай Алла, одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол – Патша; өте пәк, есен-амандық беруші. Қорғаушы тым үстем. Аса өктем, өте зор. Алла олардың (серік қосушылардың) қосқан серiктерiнен пәк. Ол Алла – жаратушы, жоқтан бар етуші, бейнелеуші. Оның көркем есiмдерi бар…» [13, Хашыр, 23-24-аяттар], –делінген. Сондай-ақ: (Уа, Мұхаммед! Сен) Оларға: «Алла» деп дұға жасаңдар яки «Рахман» деп дұға жасаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең көркем есімдер Оған тән» деп айт» [13, Исра, 110-аят], «Ең көркем есімдер Аллаға тән. Оған сол атаулармен (көркем есімдермен) жалбарыныңдар», [13, Ағраф, 180-аят] – деген мағынада аяттар бар. Жалпы осы көркем есімдердің саны туралы Мұхаммед пайғамбардың хадистерінің бірінде: «Алланың тоқсан тоғыз, бірі кем жүз есімі бар…» [Хадис: Бұхари, Дағуат-6047], – деп айтылған. Толығырақ »
Қажым Жұмалиев. АБАЙҒА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТІЛІ
Абай — қазақтың әдебиет тілінің негізін салушы, дамытып, ілгерілетуші дегенде, біздің әдебиетшілеріміздің ескермей жүрген мәселесінің бірі — Абайдың алдындағы әдебиетіміздің тілі қандай еді, онда поэтик тілдерден не бар, не жоқ деген мәселе. Мұны әлі ешкім сөз қылған емес. Абай жөніндегі тексеру-зерттеулерді ақтарсақ, бұл туралы еш нәрсе таба алмаймыз.
Абай — ұлы ақын, кемеңгер ақын дегенде, онан бұрын еш нәрсе жоқ деп қарау дұрыс болмас еді. Абай — өзінен бұрынғы ауыз әдебиетін, жеке ақындардың әдеби мұраларын толық меңгеруімен, өз тұсындағы әдебиетке сын көзімен қарап, кемшіліктерін көре білуімен және кейінгілерге үлгі аларлық мұра қалдыруымен Абай. Толығырақ »









