Басты бет
Тәкен Әлімқұлов. АУДАРМА — ҚҰТЫ ҚАШПАС ҚАЗЫНА
Ұлттық қазынаға игілікті сыбаға болып қосылатын аудармалық әдебиеттің табиғаты талай ойшылды толғандырып, талай сөз зергерін сынаған. Қазақ топырағында ысылған реалистік аударма дәстүрі Абайдан басталады. Аударма мәдениеті де сол Абайдан тарайды.
Абай аудармамен айналысқан кезде орыс әдебиетіне қанық, орыс тіліне жетік еді. Оның екі тілде еркін ойлайтыны: «Айтыңызшы, болсаңыз здравомыслящий» деген тәрізді стихиялық жолдардан да аңғарылады. Көркем аударманы орыс тілі қанына сіңген кезде бастаған Абай қол жетпес үлгілер жасай білді. Ол аударма атаулыны жарысқа түсіріп, жалаң еліктеуден, көлбегей көшіруден, болымсыз бөгделеуден құтқарды. Толығырақ »
Ләйла Әуезова. М.О. ӘУЕЗОВ ТВОРЧЕСТВОСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
(Кіріспе)
Ұлы Октябрь Социалистік революциясы Россияның езілген халықтарын әлеуметтік және ұлттық езгіден азат етті Оларды терезесі тең халықтар ретінде жаңа тарихи белеске көтерді Осы жағдайда халқымыздың советтік патриотизм және интернационализм сезімімен ұштасқан ұлттық сана-сезімі өсе түсті. Сонымен бірге бұл құбылыстың дворянды-буржуазиялық тарихнамада шовинистік және ұлтшылдық бұрмалаушылыққа ұшыраған өткен тарихи дәуірді маркстік-лениндік методология тұрғысынан объективті түрде зерттеп, ой-елегінен өткізуге ұмтылдыруы әбден заңды нәрсе. Толығырақ »
А. Жапарова. АБАЙ СУСЫНДАҒАН ҮШ БҰЛАҚ
Ұлтымыздың ұлы перзенті Абай Құнан-баевтың терең ойлары мен асыл сөздері – халқымыздың баға жетпес мұрасы. Абай – қазақтың шыңы. Абай ұлы ақын, қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, композитор, аудармашы, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы, саяси қайраткер. Ахмет Байтұрсыновтың сөзінен келтірер болсақ, «Қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». Толығырақ »
Салық Зиманов. АБАЙ – ҰЛЫ БИЛЕРДІҢ СОҢҒЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БІТІМ-БИЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – Шығыс ойшылдарының өнегелі үлгілерін игерген қазақ әдебиетінің классигі, маңдай алды ақын, кемел ойлы философ ретінде тек қазақ топырағына ғана емес, бүкіл әлемге әйгілі. Мұхтар Әуезов айтқанындай, «Соның барлығымен қатар Абайдың ел ішінің ең үлкен, ең іргелі биі болғанын да еске алу керек». «Билікке келгенде Абайдай әділ, таза, дұрыстығы күшті биді Тобықты іші бұрынғы заманда да көрген жоқ деп айта аламын», – дейді замандастарының бірі.
Ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, жол-жора ережелеріне негізделген қазақ заңдарының күші әлі де Ресей отаршылық дәуірінде де жойыла қоймаған ортада, оларды қазақ халқының бірлігі, тыныштығы, болашағы үшін жаңаша көзқараспен мейлінше пайдалана білген, XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ірі тұлғалардың алды Абай. Оның шешен-би ретінде атқарған қызметі, жол-жора ережелеріне енгізген жаңа үлгілері көшпелі қазақ халқының рухани өмірінің дамуына едәуір әсерін тигізді. Толығырақ »
Айнаш Сейітова. АБАЙ МЕН ХАФИЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖҮРЕК КУЛЬТІ
“Кәміл инсан” (انسان الکامل) – “толық адам” түсінігі Абайдың шығармашылығында әр қырынан жан-жақты қарастырылады. Ақын:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек.
Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- Толығырақ »
Жұмағали Ысмағұлов. АБАЙ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Ұлы Абайдың ақындық әлеміне ой жүгірткен кезде, оның өз мұрасы немесе шығармашылық айналасы ғана емес, солармен бірте оның ұлттық поэзиямызға көзқарасы, қазақ өлеңінің болашақ даму арналары жөніндегі толғаныстары да түп-түгел көз алдымызға елестейді. Солардың барлығын жинастыра отырып, өз зердемізде қорытсақ, Абайдың біртұтас сындарлы эстетикалық көзқарастары ойымызда қатар өріліп жатады.
Сондағы алдымен ауызға аларымыз «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» дейтін шығармасы болмақ. Өлең өнерінің көркемдік табиғатын ашатын бұл айтулы туынды жөнінде бұрын да айтқанбыз. Сөз реті келіп тұрғандықтан, сол пікірлерді ықшамдап тағы бір еске түсірмекпіз.
Абайдың сөз өнері туралы айтқан лұғатты пікірлері көлем жағынан онша көп емес. Санаулы ғана. Ал солардың ішінде бағдарламалық мәні бар ең жиынтықты шығармасы — жаңағы «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» атты шумақтары. Бағдарламалық мен деген сөз бұл жерде тегін айтылып отырған жоқ. Бас-аяғы он бес шумақ өлеңде көркем әдебиет, ақындық дарын, өлең өнері деген келелі ұғымдардың мәнін өз заманында қазақ санасына түсінікті етіп аша білген Абайдың бұл шығармадағы ойлары біз үшін өте қымбат. Толығырақ »
Мүбәрәк Үмбетаев. АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ОҚУ-ҒЫЛЫМ ТАҚЫРЫБЫ
Біздің данышпан ақынымыз Абай Құнанбаев шығармашылығындағы ең өзекті тақырыптардың бірі — қазақ жастарына білім беру, оқыту ісі екені рас. Жастарды оқытудағы мақсат не, балаларына білім бермек болған ата-ананың, үлкендердің көздегені не еді, ал оқуға ұмтылған сол жастардың өздерінің діттегені, алға қойған арман-мұраты қайда жатыр – міне, тура осындай мәселелер ұлы Абайды көп толғандырғаны, барынша тебіренткені даусыз. Мұны ойшыл ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» атты өлеңдерінен байқаймыз. Алдымен, ақын өз басындағы кешігушіліктен бастайды: Толығырақ »
Зарқын Тайшыбай. ЕСКЕНДІР ӘҢГІМЕСІ
Абай мұраларын зерттеуде әлі де шешілмеген түйіндер, жауабы табылмаған сұрақтар баршылық. Абайтану ғылымында бұрынғы айтылған ойларды қайта қарап, тереңірек үңілсе, ақын лабораториясына жетелейтін күрделі проблемаларды көруге болады. Солардың бірі «Ескендір» поэмасына байланысты.
«Жалпы композициялық құрылымы жағынан алғанда, «Ескендір» — Абайдың ең жақсы поэмасы», — дейді М.Әуезов. Мұқаң бұл шығарма төңірегінде көп еңбектенген. Оның негізіне алынды-ау, деген шығыс дастандарын зерттей келіп, бұл сюжеттің Низами (1141-1203) жазған «Ескендірнама-дан» алынғанына табан тірейді. «Бірақ… әңгіменің желісін Абай өзінше өзгертіп, өсіріп алған», — дейді. Өйткені, мұнда «Ізденгіш, сыршыл Абай» бұл шығармасына «өзі айтатын «бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық» дейтін терең сырлы нақылға дәл келетін халдер» бар. Толығырақ »




